Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт.
Мысырдан шығу 28:36
Күнделікті нұр
Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт.
Мысырдан шығу 28:36
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
Еврейлерге хат 12:14
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. —
Жохан 4:24
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Сонда Мұса Һаронға: — Жаратқан Иенің «Маған жақындап келетіндер арқылы Өзімнің киелі екенімді көрсетемін, барлық халықтар алдында салтанатты ұлылыққа кенелемін» дегені осы туралы болатын, — деп түсіндірді. Содан Һарон үндемеген күйі қала берді.
Леуіліктер 10:3
Ал енді, ғибадатханаға қатысты тағылым мынау: Сион тауының басындағы ғибадатханаға жапсарлас жатқан жердің бәрі Өзіме ерекше бағышталған, ең қасиетті болып саналады. Ғибадатхана жайлы заң, міне, осындай.
Езекиел 43:12
Уа, Жаратқан Ием, аяққа таптап халқыңды, Олар қанайды таңдаған меншігіңді:
Забур жырлары 93:5
Сенің шындығың арқылы олардың да Өзіңе бағышталулары үшін Мен Өзімді оларға бола Саған бағыштаймын.
Жохан 17:19
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар.
Еврейлерге хат 4:14
Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:16
Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды, Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.
Забур жырлары 23:5
Сондықтан оларға кенет ажал жетсін, Маған құрған торына өздері түссін, Осылайша өз бастары құрып кетсін. Сонда мен Жаратқанға шаттанамын, Мені құтқарған Иеме қуанамын, Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын: «Күшсіз жанды күштіден қорғайтын, Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»
Забур жырлары 34:8–10
Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің Берік рақымынан Жаратқан Иенің, Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, Жаңара береді ол таң атқан сайын. Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
Жоқтау 3:22–23
Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым. Уа, Құдайым, Саған дұға етемін, Себебі Сен маған жауап бересің, Қазір де құлақ түрші сөзіме менің,
Забур жырлары 16:5–6
Пауыл, Аполлос немесе Петір болайық, сонымен қатар бүкіл дүние, өмір не өлім, қазіргі мен болашақ нәрселер түгелдей қауымның пайдасы үшін болуға тиісті.
Қорынттықт. 1-хат 3:22
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.
Ефестікт. хат 1:3
Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
Філіпілікт. хат 4:11
Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді.
Тімотеге 1-хат 6:6
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 25 там.
2026 ж. 24 там.
2026 ж. 23 там.
2026 ж. 22 там.
2026 ж. 21 там.
2026 ж. 20 там.
2026 ж. 19 там.

Құдайдың адам болып келуі
Құдай жақындауға болмайтын нұрдағы рух, бірақ Ол Өзінің мейірімімен Киелі кітапта көрінетін түрде көрінді…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Шіркеу
«Рақым мен Ақиқат» журналы сұрайды: Неліктен кейбір адамдар жасаған қателіктері үшін тәртіпке тартылмау үшін…