Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2026 ж. 25 тамыз, сейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

«Әділдікке ұмтылып, Маған бет бұрып сиынғандар, сөзіме құлақ түріңдер! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Шыққан ата-тектеріңе көз жүгіртіңдер: қандай жартастан қашалып, қай орыннан қазылып алынғандарыңа көңіл бөліңдер!

Ишая 51:1

Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.

Забур жырлары 51:5

Сені аяп-мүсіркеп, осылардың біреуін де істеген ешкім болмады. Керісінше, сен дүниеге келе салысымен-ақ жек көрініп, ашық далаға тасталдың. Мен сол жермен өтіп бара жатып, үстің қан-қан күйіңде аяқ-қолдарыңды ербеңдетіп жатқан бейшара халіңді көрдім. «Өмір сүр!» деп сені бауырыма бастым.

Езекиел 16:5–6

Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты! Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады, Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды, Жаратқан оны елде жарылқайды, Жауларының еркіне беріп қоймайды.

Забур жырлары 40:2–3

Ақталуға ешқандай шарамыз болмай тұрғанда, Мәсіх Құдай алдын ала белгілеп қойған уақытында күнәкар біздер үшін жанын қиды! Тіпті әділ біреу үшін өмірін құрбан ететін ешкім жоқ іспетті. Тым болмағанда, шынайы ізгі адам үшін бірен-саран кісі өмірін қиюға даяр болуы мүмкін. Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.

Римдіктерге хат 5:6–8

Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.

Ефестікт. хат 2:4–5

Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!

Ишая 61:10

(Дәуіттің жыры.) Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием. Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы. Семсер суырып, қуғыншыларды бөгеші, «Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.

Забур жырлары 34:1–3

Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді. Адалдық жер бетінен көктеп шығады, Әділдік көктен төмен қарап тұрады.

Забур жырлары 84:11–12

Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын. Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың, Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.

Забур жырлары 103:1

Кейбіреулерің азап шеккенде, Құдайға сиынсын, көңілді болғанда, мадақтау жырлары мен әндерін айтсын.

Жақыптың хаты 5:13

Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!

Ефестікт. хат 5:18–20

Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!

Қолостықт. хат 3:16

Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты.

Елшіл. істері 16:25

Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!

Філіпілікт. хат 4:4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 24 там.

    Мысырдан шығу 3:7 · Ишая 53:3

  • 2026 ж. 23 там.

    Еремия 31:3 · Салониқал. 2-хат 2:13–14

  • 2026 ж. 22 там.

    Римдіктерге хат 14:7–8 · Қорынттықт. 1-хат 10:24

  • 2026 ж. 21 там.

    Забур жырлары 119:57 · Қорынттықт. 1-хат 3:21

  • 2026 ж. 20 там.

    Руларды санау 23:19 · Жақыптың хаты 1:17

  • 2026 ж. 19 там.

    Петірдің 1-хаты 1:15 · Салониқал. 1-хат 2:11–12

  • 2026 ж. 18 там.

    Заңды қайталау 3:24 · Забур жырлары 89:6

Ұқсас мақалалар

  • Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Азғыру

    Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

    2023 ж. 31 нау.·Майкл и Долли Макари
  • Христиан күнә жасағанда не болады? Қалпына келтіру және қорғау

    Күнә

    Мәсіхші күнә жасағанда не болады? Қалпына келтіру және қорғау

    Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

    2023 ж. 11 сәу.·Хендрик Л. Хейкооп
  • Құдайдың тыңдауға шақыруы: Ол өз Сөзі арқылы бәріне сөйлейді

    Құдайды тыңдау

    Құдайдың тыңдауға шақыруы: Ол Өз Сөзі арқылы барлығына сөйлейді

    Киелі кітапта "тыңдау" сөзі әртүрлі адамдар тарапынан әртүрлі жағдайларда қолданылады. Біз Оның Сөзінде…

    2025 ж. 1 мам.·Пол Альбертс
  • Майлау

    Заманауи діндарлар үшін майлау майын түсіну

    Сұрақ: Иманды адамның майлау майын қолданудағы ұстанымы қандай? Сұрақ Жақып 5:14-15 (ЖАҚС) тармақтарындағы…

    2023 ж. 1 мам.·Белгісіз
  • Әйүп кітабынан азап туралы не үйренеміз

    Қайғы

    Әйүп кітабынан азап туралы не үйренеміз

    Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…

    2024 ж. 17 там.·Том Стир
  • Суицид және сенушінің Мәсіхтегі мәңгілік қауіпсіздігі

    Суицид

    Суицид және сенушінің Мәсіхтегі мәңгілік қауіпсіздігі

    Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

    2025 ж. 12 нау.·Гордон Беннетт
  • Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Азғыру

    Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

    2023 ж. 31 нау.·Майкл и Долли Макари
  • Христиан күнә жасағанда не болады? Қалпына келтіру және қорғау

    Күнә

    Мәсіхші күнә жасағанда не болады? Қалпына келтіру және қорғау

    Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

    2023 ж. 11 сәу.·Хендрик Л. Хейкооп
  • Құдайдың тыңдауға шақыруы: Ол өз Сөзі арқылы бәріне сөйлейді

    Құдайды тыңдау

    Құдайдың тыңдауға шақыруы: Ол Өз Сөзі арқылы барлығына сөйлейді

    Киелі кітапта "тыңдау" сөзі әртүрлі адамдар тарапынан әртүрлі жағдайларда қолданылады. Біз Оның Сөзінде…

    2025 ж. 1 мам.·Пол Альбертс
  • Майлау

    Заманауи діндарлар үшін майлау майын түсіну

    Сұрақ: Иманды адамның майлау майын қолданудағы ұстанымы қандай? Сұрақ Жақып 5:14-15 (ЖАҚС) тармақтарындағы…

    2023 ж. 1 мам.·Белгісіз
  • Әйүп кітабынан азап туралы не үйренеміз

    Қайғы

    Әйүп кітабынан азап туралы не үйренеміз

    Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…

    2024 ж. 17 там.·Том Стир
  • Суицид және сенушінің Мәсіхтегі мәңгілік қауіпсіздігі

    Суицид

    Суицид және сенушінің Мәсіхтегі мәңгілік қауіпсіздігі

    Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

    2025 ж. 12 нау.·Гордон Беннетт