Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Күнделікті нұр
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар, Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.
Нақыл сөздер 16:5
Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз. Уа, Жаратқан Ие, шексіз ашуланып, күнәларымызды есіңде мәңгілік сақтай көрме! Саған жалбарынамыз, бізге көз сала гөр, Сенің халқыңбыз ғой.
Ишая 64:8–9
Мен Ефремнің қайғырып былай дегенін естідім: — Сен мені жазалап тәрбиеледің. (Солай істегенің дұрыс та еді, себебі) мен мойынтұрыққа үйренбеген тайыншадай қыңыр болатынмын. Мені тағы Өзіңе қайтарып ала гөр! Өйткені Сен менің Құдайым Жаратқан Иемсің. Адасқаннан кейін мен өкініп Саған бет бұрдым. Түсінгеннен кейін санымды соқтым. Жас шағымдағы істеген істеріме ұялып жайсыздандым.
Еремия 31:18–19
Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргені Адам баласы үшін сондай игілікті!
Жоқтау 3:27
«Азап топырақтан өсіп шықпас, ауыртпалық та жерден шыға келмес». От ұшқындарының жоғары қарай лап ететініндей, адам баласы да ауыртпалық шегу үшін дүниеге келеді.
Әйүп 5:6–7
Құдай Ие жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең қуы жылан еді. Жылан әйелге сұрақ қойып: — Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? — деді.
Жаратылыстың баст. 3:1
Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп: — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді. Иса оған былай деп жауап қатты: — «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Матай 4:3–4
Иса оған жауап қайтарып: — Алайда «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!» деп те (Тауратта) жазылған ғой! — деді.
Матай 4:7
Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды: — Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой! Мұнан соң әзәзіл шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол сәтте періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.
Матай 4:10–11
Бірақ яһудалық пайғамбар оған былай деп түсіндірді: — Сізге еріп кері қайтып бара алмаймын. Сізбен осы жерде не нан жеуіме, не су ішуіме де болмайды. Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. — Ал қарт пайғамбар оған: — Мен де өзің сияқты пайғамбармын. Маған періште келіп, Жаратқан Иенің: «Өз үйіңе алып кел, ол нан жеп, су ішсін!» деген бұйрығын жеткізді, — деді. Бірақ та оның айтып тұрғаны өтірік болатын. Сонда Құдайдың жіберген адамы жолынан кері қайтып, онымен бірге үйіне кіріп, нан жеп, су ішті.
Патшалықтар 3-ж. 13:16–19
Құдайдың жіберген пайғамбарын жолынан қалдырған қарт пайғамбар сол туралы естігенде былай деді: «Бұл Жаратқан Иенің берген бұйрығына қарсы шыққан пайғамбар болса керек. Сондықтан да Жаратқан Ие Өзінің алдын ала айтқанын жүзеге асырып, осы адамды арыстанның талап өлтіруіне тапсырды».
Патшалықтар 3-ж. 13:26
Егер біздер немесе тіпті «көктен түскен періште» сендерге бұрын уағыздағандарымызға қайшы өзге бір «ізгі хабарды» уағыздайтын болсақ, онда солай істегенімізді Құдайдың қарғысы атпақ.
Ғалаттықт. хат 1:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 26 қыр.
2026 ж. 25 қыр.
2026 ж. 24 қыр.
2026 ж. 23 қыр.
2026 ж. 22 қыр.
2026 ж. 21 қыр.
2026 ж. 20 қыр.

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Рухани өсу
Киелі кітапты оқудың терең себептерін ашыңыз. Оның қалай басшылық, рухани өсу және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік…

Рухани соғыс
Христиандарда сауыттың үш түрі бар. Құдайдың сауытының сенушілерді ібілістің айла-шарғысынан қалай…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Киелі кітапты зерттеу
Інжіл Құдайдың сүйіспеншілігін, Құтқарушыға деген қажеттілігіңізді және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге…

Зұлымдық
Шайтанның құлаған періште ретіндегі шығу тегі, оның Құдайға қарсы үздіксіз шайқасы және мәңгілік үкімдегі…