Өлі емес, тірі!
«Жоғалған және өлді деп есептелген» деген қасіретті сөздер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген үйлерге қайғылы хабар болып жетті. Сэм мен Дора үшін олар ерекше ауыр болды, өйткені Питер олардың жалғыз ұлы еді. Соғыс аяқталуға жақын еді, бірақ олар оны ешқашан қайта көрмейтін болды.