СҰРАҚ: Жохан 14:21-де Құдай бізді Оны сүйсек, бізді көбірек сүйеді дегенді білдіре ме?
«Кім Менің өсиеттерімді қабылдап, оларға мойынсұнса, сол Мені сүйетін адам. Мені сүйетін адамды Менің Әкем сүйеді, Мен де оны сүйіп, оған Өзімді көрсетемін» (Жохан 14:21).
ЖАУАП: Жохан бізге ең ұзақ баяндаманы Исаның айқышқа керілер алдындағы түнде жоғарғы бөлмеде шәкірттеріне айтқандарын береді (Жохан 13-17). Жохан 14:21-ге дейінгі бірнеше аятта Иеміз Елуінші күн мейрамында шәкірттеріне Киелі Рухты жіберетінін уәде етті. «Сүю» (грекше «агапао») деген негізгі сөз Жохан 13-17-де 31 рет кездеседі. Бұл өзін құрбан ететін, өзімшіл емес сүюдің Құдайлық бастауы бар.
Жохан 14:15-24-те екі түрлі адамдар айтылады – Иемізді сүйгендер және сүймегендер. Біріншілері – Киелі Рух мәңгілікке мекендеген, Оның өсиеттеріне мойынсұнған сенушілер. Екіншілері – Киелі Рухы жоқ және Иеміздің өсиеттеріне мойынсұнбаған сенбеушілер.
Жохан 14:21 сенушілерге арналған, сенбеушілерге емес, екі сөйлеммен. Бірінші сөйлемде Иеміздің өсиетіне мойынсұну – адамның сенуші екендігінің дәлелі делінген. Мысалы, шәкірттерге «бір-біріңді сүйіңдер» деп айтылды, бұл олардың Мәсіхтің ізбасарлары екенін басқаларға көрсететін еді (Жохан 13:34-35). Екінші сөйлемде сенушіні Құдай Әке мен Құдай Ұл сүйеді және олар Өздерін оған ерекше түрде танытады: «Біз оған келіп, онымен бірге мекендейміз» (Жохан 14:23-26). Әрине, сенбеушілерді де Құдай сүйеді, бірақ бұл бір жақты қарым-қатынас, өйткені сүю өзара емес:
«Құдай бізге деген сүйіспеншілігін біз әлі күнәкар болып тұрғанда, Мәсіх біз үшін өлгенімен дәлелдеді» (Римдіктерге 5:8; Жохан 3:16).
Жохан 14:21-26 сенушілердің Иемізбен қарым-қатынасы бар және Киелі Рух оларды мекендегендіктен, Ұл Өзін оларға сенбеушілерге мүмкін емес жолмен ашатынын көрсетеді. Демек, Құдайға деген сүйіспеншіліктің артуы Оның бізді көбірек сүйетінін білдірмейді, керісінше, біз Оны жақсырақ танитын боламыз.
Жауап берілді





