Қытайда Тайшан деп аталатын қасиетті тау бар. Көптеген жылдар бойы қажылар оның 7000 баспалдағымен шыңға көтерілетін. Алдымен олар «орта қақпадан», содан кейін «аспанның оңтүстік қақпасынан» өтіп, Қытайдағы ең әдемі ғимараттардың біріне жететін. Ол «Көгілдір бұлт ғибадатханасы» деп аталды. Мұнда адамдар Құдайға жету үмітімен құрбандық шалатын.
Бірақ, өкінішке орай! Адамдар бірінші қадамын басқан кездегіден Құдайға жақындамады! Адам Құдайға ЖОҒАРЫ көтерілу арқылы жетуге тырысады, бірақ христиандықтың хабары – Құдай бізді күнәларымыздан құтқару үшін Өзінің Ұлы, Иеміз Исаның тұлғасында ТӨМЕН түскені.
Құдай ең биік тау шыңынан да әлдеқайда жоғары, күнәкар адам жете алмайтындай алыс, сондықтан біздің арамыздағы үлкен алшақтықты тек Құдай Өзі ғана жалғай алады. Иеміз Исаның туылуының ұлы кереметі арқылы Ол адам болып, біз үшін Қалвари крестінде қайтыс болды.
Біз Құдайға көтеріле алмаймыз, бірақ Ол бізге келе алады!
«Мәсіх Иса күнәкарларды құтқару үшін дүниеге келді» (1 Тімөтеге 1:15). «Егер сен аузыңмен Иеміз Исаны мойындасаң және жүрегіңмен Құдай оны өлімнен тірілткеніне сенсең, сен ҚҰТҚАРЫЛАСЫҢ» (Римдіктерге 10:9). Құдайға өз жолыңмен жетуге тырыспа, өйткені ол сені ешқайда апармайды. Иманмен сол қадамды жасап, Исаны жүрегіңе иманмен қабылда.






