Статистикамен не істеуге болатыны таңқаларлық. Фактілерді шеберлікпен орналастыру арқылы, ақылды сөздермен жазылған контексте, тіпті нашар жағдайды да жақсы етіп көрсетуге болады. Мысалы, бір кездері ауа райын болжаушы мақтанған:
«Мен 90% дұрыспын – уақыттың 10%-ында!» Оның мәлімдемесі талдау жасалғанша өте әсерлі естіледі. Оған өзінің нашар рекордын жасыру үшін статистиканы осындай манипуляциялау қажет болды.
Алайда, Киелі кітаппен мұндай манипуляция қажет емес. Оның болжамдары 100% дұрыс. Жазбаларға қатысты екіұшты сөздердің қажеті жоқ.
Орындалған пайғамбарлықтар
Иеміз Иса Мәсіх Михей пайғамбарлық еткендей (Михей 5:2) Бетлехем қаласында дүниеге келді; Ишая пайғамбарлық еткендей (Ишая 7:14) пәк қыздан туылды; Даниял көрсеткен уақытта (Даниял 9:25). Бетлехемдегі сәбилер Еремия пайғамбарлық еткендей қырылды (Еремия 31:15). Иса Мысырға барып, Осия пайғамбарлық еткендей қайтып оралды (Осия 11:1); Ишая Оның Ғалилеядағы қызметін болжады (Ишая 9:1-2); Захария Оның Иерусалимге құлынға мініп салтанатты кіруін (Захария 9:9), 30 күміс тиынға сатылуын (Захария 11:12) және осы ақшаның қышшының егістігін сатып алу үшін қайтарылуын (Захария 11:13) болжады. Дәуіт Мәсіхтің туылуынан 1000 жыл бұрын өмір сүрген және Римдіктердің айқышқа керілуін ешқашан көрмеген, бірақ Забур 22-де ол Құдайдың шабытымен Иеміз Иса Римдік айқышта өлгенде бастан кешірген өлімнің нақты суретін жазды. Ишая 53 те бізге Иеміздің қабылданбауы мен өлімінің егжей-тегжейлі суретін береді.
Осы бірнеше пайғамбарлықтың өзі ең нашар скептиктерді де Киелі кітаптың сенімділігіне таң қалдыруы керек. Бұл болжамдардың бәрі ең кішкентай бөлшектеріне дейін орындалғандықтан, Киелі кітаптың құтқару жолы, жұмаққа баратын жол туралы айтқандарын да сеніммен қабылдайық.
Құтқару жолы
Оған (Иеміз Иса Мәсіхке) барлық пайғамбарлар куәлік етеді, Оның есімі арқылы Оған сенген әркім күнәларының кешірілуін алады (Елшілердің істері 10:43).
Өлім өз олжасын ұстай алмайды
Киелі кітаптың әрқашан 100% дұрыс екенін есте сақтаңыз.






