Мәсіхтің тұлғасы мен қызметі ғана ұлы емес – Ол өз істерінде де ұлы. Көптеген рет адамдар Иеміз Исаның таңғажайып істерін көргенде таң қалды.
Сондықтан Иса шәкірттерінің алдында көптеген басқа да белгілер жасады, олар бұл кітапта жазылмаған; бірақ бұлар Исаның Мәсіх, Құдайдың Ұлы екеніне сенулерің үшін, және сенгенде Оның атымен өмірге ие болуларың үшін жазылған. (Жохан 20:30-31)
Құдай өз дауысымен таңғажайып түрде күркірейді, біз түсінбейтін ұлы істер жасайды (Әйүп 37:5)
Сен ұлы істер жасадың: О, Құдай, Саған кім тең? (Забур 71:19)
Олар қатты қорқып, бір-біріне: «Бұл кім, тіпті жел мен теңіз де оған бағынады?» – деді. (Марқа 4:41)





