«Иса: «Әке, оларды кешір, өйткені олар не істеп жатқанын білмейді», – деді.» (Лұқа 23:34) Иеміз Иса айқышта ілулі тұрғанда, Оның тесілген қолдары ауруларға қызмет ете алмады – адамша айтқанда. Шегелермен тесілген аяқтары патшалықтың Ізгі хабарын жариялау үшін қалалар мен ауылдарды аралай алмады. Тіпті қашып кеткен шәкірттерін де Ол енді үйрете алмады.
Ол осы қорқынышты сағаттарда адамдарға бата болу үшін ештеңе істей алмады ма? Иә, Ол дұға ете алды – және Ол дәл солай істеді! Ол аспан мен жердің арасында ілулі тұрғанда, Ол «қылмыскерлер үшін шапағат етті» (Ишая 53:12). Әрқайсымыз үшін маңызды сабақ!
Иеміз Исаның үлгісі бізді адамша айтқанда, құтқарылуы мүмкін емес болып көрінетіндер үшін дұға етуге шақырады. Осы жағдайда кім осы кісі өлтірушілер үшін сеніммен дұға етер еді? Бірақ Құдай Ұлының осы дұғасы шамамен 50 күннен кейін 3000 адамның бірден дінге келуіне ықпал етпеді ме?
Күнәкарлардың ең үлкені үшін кім дұға етті – Құдайдың қауымын қанға дейін қудалаған, сенушілерді түрмеге тастаған және шәкірттерді өз Ұстазының атын қорлауға мәжбүрлеген адам үшін? Стефан! Құдай бұған қалай жауап берді? Ол бұрынғы қорлаушыны, қудалаушыны және дөрекі қарсыласты (1 Тімотеге 1:13 қараңыз) Ізгі хабардың қызметшісі және Құдайдың қауымының қызметшісі етті (Қолостықтарға 1:23, 25 қараңыз). Құдайдың рақымы бұл адамды Жаңа Өсиеттің 14 хатын жазуға және басқа елшілердің бәрінен де көп жұмыс істеуге пайдаланды (1 Қорынттықтарға 15:10 қараңыз)!
Сіз қазір ауруға немесе басқа жағдайларға байланысты Ие үшін істегіңіз келетін белгілі бір жұмыста белсенді бола алмайсыз ба? Мүмкін Құдай сізді шапағат етудің маңызды қызметінде көбірек уақыт дұға ету үшін бөлек қойған шығар.
Таныстарыңыз арасында дінге келуі мүлдем үмітсіз болып көрінетін адамдар үшін дұға етуді тоқтатпаңыз. «Адам үшін бұл мүмкін емес, бірақ Құдай үшін емес. Өйткені Құдай үшін барлық нәрсе мүмкін» (Марқа 10:27)!





