«Біз білеміз, Құдайды сүйетіндерге, Оның мақсатына сай шақырылғандарға барлық нәрсе жақсылыққа жұмыс істейді». (Римдіктерге 8:28)
Жаным! Тыныштал! Сен Өзіңнің Келісім Құдайыңның қолындасың! Тарихыңдағы барлық оғаш жағдайлар кездейсоқтықтыңнемесе сәйкестіктің нәтижесі болса – сен қатты таң қалуың мүмкін еді! Бірақ «барлық нәрсе», және қазір сені мазалап жатқан бұл нәрсе (не болса да) – сенің жақсылығың үшін жұмбақ түрде жұмыс істеп жатқан «барлық нәрсенің» бірі. Құдайыңа сен! Ол сені алдамайды – сенің мүдделерің Оның қолында қауіпсіз сақтаулы.
Қашан көру : «Бұл нәрселердің бәрі маған қарсы», – десе, сенім асығыс қорытындыны теріске шығарып: «Бүкіл жердің Төрешісі дұрыс істемей ме?» (Жаратылыс 18:25) – десін. Құдай сенің жолыңды тікенектермен қанша рет қоршап тастайды – қарапайым сенімді тудыру үшін! Біз барлық нәрсенің біздің жақсылығымыз үшін жұмыс істеп жатқанын қаншалықты сирек көреміз ! Бірақ оған сену жақсырақ тәртіп. О, қабағын түйген қамқорлықтар арасында: «Мен Сенің үкімдеріңнің жақсы екенін білемін», – деп айтуға және қараңғыдасеніп: «Ол мені өлтірсе де – мен Оған сенемін!» – деп айқайлауға сенім болса еді!
Қасиетті Иса! Саған осы ғаламдық империяның тізгіні тапсырылған. Бір кездері крестке қадалған сол қол – қазір тақта таяқты ұстап тұр, «аспандағы және жердегі барлық билік Саған берілген». Мен ең жұмбақ жердегі істің даналығына, адалдығына және сүйіспеншілігіне қалай күмәндана аламын – егер мен Қамқорлықтың Орамасы Өзін мен үшін беріп, менің жанымның амандығына деген нәзік қызығушылығының Құдіреттілік бере алатын ең үлкен кепілін берген Оның қолында екенін білсем?





