2006 ж. 27 сәу.
Күнделікті нұр, 28 сәуір: Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Күнделікті нұр
Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!
Жохан 1:29
Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды. Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан: Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды жақтырмадың. Сонда Мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін. Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған».
Еврейлерге хат 10:4–7
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер ... Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі. ... ал заманның аяғында Оны сендер үшін ашық көрсетті. Сендер Мәсіх арқылы Құдайға сендіңдер ... Сол себепті сенімдерің мен үміттерің Құдайға бағышталып келеді.
Петірдің 1-хаты 1:18–21
Құрбандыққа шалынған Тоқты Билік пен байлықты, Даналық пен құдіретті, Құрмет, ұлылық пен дәріпті Қабылдауға әбден лайықты!
Аян 5:12
Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін, Барған сайын молырақ дәріптеймін.
Забур жырлары 70:14
Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін.
Філіпілікт. хат 3:12
Сол себепті Мәсіхтің Ізгі хабарының ең бастапқы тәлімін былай қойып, одан бетер жетілу үшін алға басайық. Тағы да ең негізгі тақырыптарға: бізді рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан бас тартып, Құдайға сенім арту жайында.
Еврейлерге хат 6:1
Әділдің жолы таң шапағы іспетті Тал түс болғанша жарқырай түседі.
Нақыл сөздер 4:18
Қатты сүйемін Жаратқан Иені, Жалынған даусымды Ол естіді, Иә, Ием құлақ түрді маған, Өмір бойы сиынбақпын Оған.
Забур жырлары 114:1–2
Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта, Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін аузымда.
Забур жырлары 33:2
Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады.
Забур жырлары 64:2
Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті.
Аян 4:8
Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған.
Забур жырлары 49:23
Әрдайым қуанып, Құдайға үздіксіз сиыныңдар, Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді.
Салониқал. 1-хат 5:16–18
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Філіпілікт. хат 4:4
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 26 сәу.
Таңдаулы ән 2:6 · Заңды қайталау 33:27
2006 ж. 25 сәу.
Матай 1:21 · Жоханның 1-хаты 3:5
2006 ж. 24 сәу.
Жаратылыстың баст. 21:1 · Забур жырлары 62:8
2006 ж. 23 сәу.
Забур жырлары 18:18 · Еремия 3:23
2006 ж. 22 сәу.
Леуіліктер 1:3–4 · Жаратылыстың баст. 22:8
2006 ж. 21 сәу.
Філіпілікт. хат 4:1 · Әйүп 23:11






