2006 ж. 10 мау.
Күнделікті нұр, 11 маусым: Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады
Күнделікті нұр
Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп ... Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Жаратқан — мейірбанды да рақымды, Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды. Ол бізді ұдайы айыптамайды, Мәңгі бақи кек те сақтамайды, Бізді күнәмізге қарап жазаламайды, Жаман ісіміздің есесін қайтармайды. Аспан жерден қанша жоғары болса, Жаратқанның Өзін терең сыйлағандарға Жаудыратын рақымы сонша мол да! Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты, Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты. Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті, Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендерге Дәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді.
Забур жырлары 102:8–13
Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Римдіктерге хат 8:15–16
Құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Ефестікт. хат 2:13, 19
Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы!
Аян 21:5
Кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.
Жохан 3:3
Біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
Қорынттықт. 2-хат 5:17
Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын.
Езекиел 36:26
«Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 5:7
Осылай Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділ де қасиетті адам болып өмір сүріңдер!
Ефестікт. хат 4:24
Патшалары да салтанатты ұлылығыңа көздерін жеткізеді. Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың.
Ишая 62:2
Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады.
Ишая 65:17
Бар дүние осылайша құрып кететіндіктен, сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңір Иеге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс!
Петірдің 2-хаты 3:11
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 9 мау.
Жохан 7:46 · Забур жырлары 45:2
2006 ж. 8 мау.
Жаратылыстың баст. 39:3 · Забур жырлары 128:1–2
2006 ж. 7 мау.
Лұқа 18:1 · Лұқа 11:5–8
2006 ж. 6 мау.
Софония 3:17 · Заңды қайталау 7:7–8
2006 ж. 5 мау.
Лұқа 17:10 · Римдіктерге хат 3:27
2006 ж. 4 мау.
Хаққай 2:9 · Шежірелер 1-ж. 22:5






