2006 ж. 3 мау.
Күнделікті нұр, 4 маусым: Заңғар көкте Құдай мадақталсын!
Күнделікті нұр
Бұл киелі үйдің болашақ салтанаты бұрынғы киелі үйдікінен де асып түседі ... Осы жерде Мен амандық пен тыныштық сыйлаймын!
Хаққай 2:9
Ал Жаратқан Иеге арнап салынбақ киелі үй зәулім де сәулетті ғимарат болуға тиіс. Оның даңқы күллі халықтарға жайылатын болсын! Сондықтан оның құрылысына дайындық жасайын.
Шежірелер 1-ж. 22:5
Діни қызметкерлер оған кіре алмай қалды.
Шежірелер 2-ж. 7:2
Мен оны үш күнде қайта тұрғызамын, — деп жауап қатты. Бірақ Иса «киелі үй» дегенде Өзінің денесі туралы айтқан еді.
Жохан 2:19, 21
Кезінде салтанатқа кенелген Көне Келісім, өзінен әлдеқайда салтанатты Жаңа Келісімнің келуіне байланысты бар салтанатынан айырылды.
Қорынттықт. 2-хат 3:10
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.
Еврейлерге хат 1:1–2
«Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жер жүзінде Өзі риза болған Адамдарға тыныштық болсын!»
Лұқа 2:14
Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Мәсіх — татулығымыздың Бастауы.
Ефестікт. хат 2:14
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:7
Жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Одан да Иеміз Иса Мәсіхке беріле түсіп, Оны үлгі етіңдер.
Римдіктерге хат 13:14
Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі. Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:8–9
Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды.
Римдіктерге хат 3:22
Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті.
Ишая 61:10
Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын, Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.
Забур жырлары 70:16
Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер! түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Ал түнекке нұр шашылса, ондағының бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін — нұр. Сондықтан да былай деп айтылады: «Оян, ей, ұйқышыл, Рухани өлімнен тіріл! Мәсіх саған төгеді нұр». Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар.
Ефестікт. хат 5:8, 11, 13–15
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 2 мау.
Мысырдан шығу 12:11 · Миха 2:10
2006 ж. 1 мау.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Мысырдан шығу 34:6
2006 ж. 31 мам.
Жаратылыстың баст. 32:28 · Ошия 12:3–4
2006 ж. 30 мам.
Еврейлерге хат 4:11 · Матай 7:13–14
2006 ж. 29 мам.
Леуіліктер 17:11 · Жохан 1:29
2006 ж. 28 мам.
Філіпілікт. хат 3:20 · Титке хат 2:11–14






