2006 ж. 10 шіл.
Күнделікті нұр, 11 шілде: Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім
Күнделікті нұр
Өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын!
Еремия 15:20
Күшті жаудың қолынан олжасын тартып алып, жеңімпаздың тұтқындарын босату мүмкін бе?! — (деп күдіктенесің.) Бірақ Жаратқан Ие мынаны айтады: — Күшті жаудың тұтқындары тартылып алынып, жеңімпаздың олжасы қайтып алынады! Сенімен арпалысып келген жауыңмен Өзім алысып, адамдарыңды босатамын! ... Осылай бар адамзат Менің Жақып сиынған құдіретті Жаратқан Ие екенімді білетін болады: Мен сенің Құтқарушыңмын, сені азат ететін Қамқоршыңмын.
Ишая 49:24–26
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Забур жырлары 36:23–24
Сусаған адамның шөлін Ол қандырды, Қарны аш жанды нәрлі аспен тойдырды.
Забур жырлары 106:9
Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:3
Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам. Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім.
Забур жырлары 62:2–3
Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
Забур жырлары 83:3
Бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы.
Філіпілікт. хат 1:23
Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Забур жырлары 16:15
Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.
Аян 7:16–17
Әлеміңнің игілігіне тойдырасың, Өзеніңнің рақатына қандырасың.
Забур жырлары 35:9
Халқым да игіліктеріме кенеледі, — деп уәде етеді Жаратқан Ие.
Еремия 31:14
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4 · Забур жырлары 32:1
2006 ж. 8 шіл.
Жоханның 1-хаты 1:9 · Забур жырлары 51:3–4
2006 ж. 7 шіл.
Матай 4:1 · Еврейлерге хат 5:7–9
2006 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6 · Нақыл сөздер 25:11–12
2006 ж. 5 шіл.
Жоханның 1-хаты 4:16 · Ефестікт. хат 2:4–7
2006 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23 · Ишая 66:13





