2006 ж. 7 шіл.
Күнделікті нұр, 8 шілде: Егер де күнәларымызды мойындасақ
Күнделікті нұр
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Қылмыстарымды жақсы білемін де, Күнәларым әрдайым тұр есімде. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым, Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.
Забур жырлары 50:5–6
Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме! Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!
Ишая 44:22
Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
Жоханның 1-хаты 2:12
Сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:26
Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын.
Езекиел 36:25
Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық.
Аян 3:4
Иса Мәсіх бізге келгенде сумен шомылдыру рәсімін де, жанын қиып, қанын төгуді де басынан өткізді. Ол келгенде тек сумен шомылдыру рәсімінен өтіп қана қойған жоқ.
Жоханның 1-хаты 5:6
Заңыңа қарсы зорлық-зомбылық ойлаған.
Забур жырлары 93:20
Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.
Жоханның 1-хаты 1:3
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:2–3
Өйткені осы күнәкар дүниенің әміршісі (шайтан) жақындап келе жатыр. Оның билігі Маған жүрмейді.
Жохан 14:30
Бізге дәл сондай Бас діни қызметкер қажет: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз таза Ол.
Еврейлерге хат 7:26
Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.
Ефестікт. хат 6:12
Бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің, яғни Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер.
Ефестікт. хат 2:2
Кім Құдайдың рухани баласы болса, сол күнә жасай бермейді. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан, шайтан оған тиісе алмайды. Біз Құдайданбыз, бірақ бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр, бұны білеміз.
Жоханның 1-хаты 5:18–19
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6 · Нақыл сөздер 25:11–12
2006 ж. 5 шіл.
Жоханның 1-хаты 4:16 · Ефестікт. хат 2:4–7
2006 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23 · Ишая 66:13
2006 ж. 3 шіл.
Римдіктерге хат 8:17 · Ғалаттықт. хат 3:29
2006 ж. 2 шіл.
Мысырдан шығу 12:43 · Еврейлерге хат 13:10
2006 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Ефестікт. хат 5:1






