2006 ж. 31 шіл.
Күнделікті нұр, 1 тамыз: Оған сенушілер қияметте сотталмайды
Күнделікті нұр
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
Ефестікт. хат 2:8
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес.
Еврейлерге хат 11:6
Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.
Жохан 3:18
Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді.
Марқа 9:24
Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді мынаған қарап білеміз.
Жоханның 1-хаты 2:5
Сүйіспеншілікпен әрекет жасайтын сенім.
Ғалаттықт. хат 5:6
Игі іс-әрекетсіз сенімнің пайдасыз екенін ұқпайсың ба?
Жақыптың хаты 2:20
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8–9
Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Жақыптың хаты 5:11
Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті, Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендерге Дәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді.
Забур жырлары 102:13
Иеміз шапағатты да қайырымды ... Келісімін ұдайы есінде сақтайды.
Забур жырлары 110:4–5
Ұйықтамайды Қорғаушың, Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды.
Забур жырлары 120:3–4
Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:11–12
Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, Жаңара береді ол таң атқан сайын. Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
Жоқтау 3:22–23
Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көрді. Оларға жаны ашып, араларындағы ауру адамдарды сауықтырды.
Матай 14:14
Қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Сондықтан адамдардан қорықпаңдар.
Матай 10:30, 29, 31
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 30 шіл.
Қолостықт. хат 3:1 · Нақыл сөздер 4:5
2006 ж. 29 шіл.
Ишая 64:1 · Таңдаулы ән 8:14
2006 ж. 28 шіл.
Ефестікт. хат 5:2 · Жохан 13:34
2006 ж. 27 шіл.
Қорынттықт. 2-хат 4:4 · Ишая 40:5
2006 ж. 26 шіл.
Еврейлерге хат 11:8 · Забур жырлары 47:4
2006 ж. 25 шіл.
Жоханның 1-хаты 3:14 · Жохан 5:24






