2006 ж. 26 там.
Күнделікті нұр, 27 тамыз: Мен дүние үшін Нұрмын (Жохан 8:12)
Күнделікті нұр
Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады.
Забур жырлары 118:105
Іс-әрекетімде сөздеріңе бағынам, Аулақ жүріп келем зорлықшының жолынан. Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым.
Забур жырлары 16:4–5
Жүргенде олар тура жолды нұсқар, Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар, Оянғанда саған ақыл айтар. Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді.
Нақыл сөздер 6:22–23
Сонда сендер жолдан оңға не солға қарай бұрылмақ болғанда, бір дауыстың арт жақтан: «Жол мынау, сонымен жүріңдер!» дегенін еститін боласыңдар.
Ишая 30:21
Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді.
Жохан 8:12
Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай.
Петірдің 2-хаты 1:19
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті, Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз. Қазіргі білетінім тек қана шектеулі, Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді, Бәрін де толықтай білемін сол кезде.
Қорынттықт. 1-хат 13:12
Оларға шам-шырақ пен күн сәулесінің қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры түсіп тұрады. Олар мәңгі патшалық құрмақ.
Аян 22:5
Тұрып, Тәңіріңе жалбарына сиын!
Жүніс 1:6
Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».
Миха 2:10
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!
Забур жырлары 61:11
Ендеше шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен Құдайларың Жаратқан Иеге бет бұрып, бағышталыңдар!
Шежірелер 1-ж. 22:19
Неге ұйықтап жатырсыңдар? Азғырылмау үшін орындарыңнан тұрып, сиынып мінажат етіңдер! — деді.
Лұқа 22:46
Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.
Лұқа 21:34
Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.
Матай 25:5
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.
Римдіктерге хат 13:11
Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар!
Марқа 13:35–36
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 25 там.
Ишая 51:1 · Забур жырлары 51:5
2006 ж. 24 там.
Мысырдан шығу 3:7 · Ишая 53:3
2006 ж. 23 там.
Еремия 31:3 · Салониқал. 2-хат 2:13–14
2006 ж. 22 там.
Римдіктерге хат 14:7–8 · Қорынттықт. 1-хат 10:24
2006 ж. 21 там.
Забур жырлары 119:57 · Қорынттықт. 1-хат 3:21
2006 ж. 20 там.
Руларды санау 23:19 · Жақыптың хаты 1:17





