2006 ж. 23 там.
Күнделікті нұр, 24 тамыз: Иса көзіне жас алды (Жохан 11:35)
Күнделікті нұр
Олардың көрген азаптарын түгел білемін.
Мысырдан шығу 3:7
Жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды.
Ишая 53:3
Осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта.
Еврейлерге хат 4:15
Біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді деп алдын ала айтқаны жүзеге асты.
Матай 8:17
Сол жерде «Жақыптың құдығы» бар еді. Жол жүріп шаршаған Иса құдықтың қасына отыра кетті.
Жохан 4:6
Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.
Жохан 11:33
Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Жаратқан Ие көктен жер бетіне қарады, Киелі үйінен Ол төмен көз тастады, Тұтқындардың ыңқылдауын есту үшін, Өлімге кесілгендерді азат ету үшін.
Забур жырлары 101:20–21
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
Әйүп 23:10
Рухым қажығанда Сен білесің жолымды.
Забур жырлары 141:3
Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Зәкәрия 2:8
Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.
Ишая 63:9
Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек.
Жохан 9:4
Жалқау мол аңсағанмен аз алар, Ынтамен еңбек еткен тоқ болар.
Нақыл сөздер 13:4
Басқаны сергіткен өзі де сергір.
Нақыл сөздер 11:25
Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады. Сендер «төрт айдан кейін егін орамыз» дейсіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр.
Жохан 4:34–35
Иса сөзін жалғастырып былай деді: «Құдай Патшалығындағы жайт мынау сияқты: бір қожайын таң сәріде жүзім бағына жұмысшы жалдау үшін үйінен шығыпты. Жұмысшылармен күніне бір күміс теңгеден төлейтін болып келісіп, оларды жүзімдігіне жібереді.
Матай 20:1–2
Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл.
Тімотеге 2-хат 4:2
Қол астындағы қызметшілерінің онын шақырып алады. Әрқайсысына бір-бір қадақ күміс үлестіріп беріп: — Мен қайтып келгенше осы қаржымен жұмыс істеңдер! — деп тапсырады.
Лұқа 19:13
Басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 22 там.
Римдіктерге хат 14:7–8 · Қорынттықт. 1-хат 10:24
2006 ж. 21 там.
Забур жырлары 119:57 · Қорынттықт. 1-хат 3:21
2006 ж. 20 там.
Руларды санау 23:19 · Жақыптың хаты 1:17
2006 ж. 19 там.
Петірдің 1-хаты 1:15 · Салониқал. 1-хат 2:11–12
2006 ж. 18 там.
Заңды қайталау 3:24 · Забур жырлары 89:6
2006 ж. 17 там.
Жақыптың хаты 5:16 · Жаратылыстың баст. 18:27–28






