2006 ж. 21 там.
Күнделікті нұр, 22 тамыз: Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім
Күнделікті нұр
Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де, өлмейміз де.
Римдіктерге хат 14:7
Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:8
Әркім жеке басының емес, басқаның мүддесін ойлауы керек.
Қорынттықт. 1-хат 10:24
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Қазір де өз бойымда Иса Мәсіхтің дәріптелетініне үміт артып, соған нық сенемін. Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең. Егер тәнім сау болса, өнімді еңбек ете аламын. Енді нені таңдауды білмей, екеуіне де құштармын: бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы.
Філіпілікт. хат 1:20–23
Адам өлгенде заңға бағынудан босайтыны сияқты, мен де Таурат заңы бойынша өлімге кесіліп, сол заңды орындаудан босатылдым. Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім. Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім, сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:19–20
Теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады.
Патшалықтар 3-ж. 4:29
(Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!).
Матай 12:42
Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Тіпті әділ біреу үшін өмірін құрбан ететін ешкім жоқ іспетті. Тым болмағанда, шынайы ізгі адам үшін бірен-саран кісі өмірін қиюға даяр болуы мүмкін. Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.
Римдіктерге хат 5:7–8
Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра, Ол Онысына жармасқан жоқ, қайта, Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Філіпілікт. хат 2:6–8
Адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен.
Ефестікт. хат 3:19
Алайда яһудилер мен басқа халықтардан шақырылғандар Мәсіхті «Құдайдың құдіреті мен даналығы» деп түсінеді.
Қорынттықт. 1-хат 1:24
Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
Қолостықт. хат 2:3
Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді.
Ефестікт. хат 3:8
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 20 там.
Руларды санау 23:19 · Жақыптың хаты 1:17
2006 ж. 19 там.
Петірдің 1-хаты 1:15 · Салониқал. 1-хат 2:11–12
2006 ж. 18 там.
Заңды қайталау 3:24 · Забур жырлары 89:6
2006 ж. 17 там.
Жақыптың хаты 5:16 · Жаратылыстың баст. 18:27–28
2006 ж. 16 там.
Шежірелер 1-ж. 22:5 · Петірдің 1-хаты 2:5
2006 ж. 15 там.
Еврейлерге хат 13:20–21 · Қорынттықт. 2-хат 13:11






