2006 ж. 1 қыр.
Күнделікті нұр, 2 қыркүйек: Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді
Күнделікті нұр
Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!
Забур жырлары 26:14
Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің: Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең, Шексіз зор даналығы Өзінің, Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін! ... Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:28–29
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан. Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны Соққылаған боран.
Ишая 25:4
Берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:3–4
Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет.
Еврейлерге хат 10:35–36
Ол мені жасыл жайлауға жаяды.
Забур жырлары 22:2
«Бірақ әділетсіздер буырқанып, тынши алмайтын теңізге ұқсайды. ... Әділетсіздерде амандық пен тыныштық болмайды!» — деп ескертеді Құдайым.
Ишая 57:20–21
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
Матай 11:28
Шыдамды бол Жаратқанның алдында.
Забур жырлары 36:7
Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.
Еврейлерге хат 4:10
Түрлі бөтен ілімдерге ілесіп кетпеңдер! Жан дүниеміздің Құдайдың рақымымен нығаюы игі. Бұған ішіп-жеуге болатын тағамдар туралы діни ережелердің қатысы жоқ.
Еврейлерге хат 13:9
Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз. Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.
Ефестікт. хат 4:14–15
Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен. Тойханаға алып барды ол мені, Бәріне айқын өзімді сүйетіні.
Таңдаулы ән 2:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 31 там.
Римдіктерге хат 5:16 · Ишая 1:18
2006 ж. 30 там.
Естер 5:2 · Мысырдан шығу 22:27
2006 ж. 29 там.
Нақыл сөздер 16:20 · Римдіктерге хат 4:20–21
2006 ж. 28 там.
Аян 12:10 · Аян 12:11
2006 ж. 27 там.
Забур жырлары 119:105 · Забур жырлары 17:4–5
2006 ж. 26 там.
Мысырдан шығу 28:36 · Еврейлерге хат 12:14




