2006 ж. 15 қыр.
Күнделікті нұр, 16 қыркүйек: Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ
Күнделікті нұр
Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.
Нақыл сөздер 21:2
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Забур жырлары 1:6
Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді.
Руларды санау 16:5
Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
Матай 6:4
Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр, Мені мазалаған ойларымды біле гөр, Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші, Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!
Забур жырлары 138:23–24
Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ. Шынайы сүйіспеншілік қорқынышты жолатпайды.
Жоханның 1-хаты 4:18
Уа, Ием, Саған аян барлық қалауым, Құпия емес Саған ыңқылдауым.
Забур жырлары 37:10
Рухым қажығанда Сен білесің жолымды.
Забур жырлары 141:3
Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:27
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
Кешке жылап-сықтау басым болады, Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.
Забур жырлары 29:6
Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім. Қастарыңда жүрген кезімізде «Қуғынға ұшырайтын боламыз» деп алдын ала айттық қой. Міне.
Салониқал. 1-хат 3:3–4
Тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33
Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Забур жырлары 16:15
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады.
Римдіктерге хат 13:12
Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай, Жерден көк шөп өсіріп шығаратын Жаңбырдан кейінгі күн нұрындай.
Патшалықтар 2-ж. 23:4
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды.
Ишая 25:8
Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды.
Аян 21:4
Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. ... Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 14 қыр.
Ишая 51:12 · Қорынттықт. 2-хат 1:3–4
2006 ж. 13 қыр.
Жохан 7:37 · Забур жырлары 84:2
2006 ж. 12 қыр.
Ишая 57:18 · Мысырдан шығу 15:26
2006 ж. 11 қыр.
Римдіктерге хат 12:2 · Мысырдан шығу 23:2
2006 ж. 10 қыр.
Еремия 32:9 · Езекиел 36:26
2006 ж. 9 қыр.
Лұқа 1:53 · Аян 3:17–19

