2006 ж. 22 жел.
Күнделікті нұр, 23 желтоқсан: Әйтпесе солар Мені паналасын
Күнделікті нұр
Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын.
Ишая 27:5
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар.
Еремия 29:11
Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы.
Ефестікт. хат 2:13–14
Құдай Өзінің бүкіл болмысының рухани Ұлында тұрғанын ұнатты. Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді.
Қолостықт. хат 1:19–20
Құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп ... Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:24–26
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан, Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.
Ишая 26:4
Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында.
Жоханның 1-хаты 5:11
Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы да Өзінің қалағандарын тірілтеді.
Жохан 5:26, 21
Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді.
Жохан 11:25–26
Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. ... себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.
Жохан 10:11, 17–18
Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
Жохан 14:6
Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ.
Жоханның 1-хаты 5:12
Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында. Өмірлеріңнің бірден-бір бастауы мен мақсаты — Мәсіх. Ол жер бетінде қайтадан көрінген кезде сендер де Онымен бірге салтанатты ұлылықпен көрінесіңдер.
Қолостықт. хат 3:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 21 жел.
Ишая 60:20 · Жохан 16:33
2006 ж. 20 жел.
Ефестікт. хат 1:4 · Салониқал. 2-хат 2:13
2006 ж. 19 жел.
Забур жырлары 112:4 · Ишая 50:10
2006 ж. 18 жел.
Еврейлерге хат 4:16 · Філіпілікт. хат 4:6–7
2006 ж. 17 жел.
Забур жырлары 80:18 · Жохан 6:63
2006 ж. 16 жел.
Жохан 13:1 · Жохан 17:9–10






