2006 ж. 27 жел.
Күнделікті нұр, 28 желтоқсан: Сенің күнәларың кешірілді!
Күнделікті нұр
Сенің күнәларың кешірілді! — деді.
Марқа 2:5
Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
Еремия 31:34
Жалғыз Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады? — деп ойланып қалды.
Марқа 2:7
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
(Дәуіттің насихат жыры.) Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Қандай бақытты әрбір жан! Иеміз мойнына кінә артпайтын, Жан дүниесінде жалғандық болмайтын.
Забур жырлары 31:1–2
Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар?
Миха 7:18
Сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады. Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны. Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7–9
Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты, Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты.
Забур жырлары 102:12
Күнә сендерге билігін жүргізбеуі керек, себебі сендер енді Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынасыңдар. Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге хат 6:14, 18
Деген тілек білдірді.
Жохан 12:21
Сені күтіп Саған сенім артамыз. Уа, Тәңір, есіміңді қатты ұнатамыз, Есімізге Сені алып тұрамыз.
Ишая 26:8
Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында.
Забур жырлары 144:18
Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:20
Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Жохан 14:18
Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).
Матай 28:20
Тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де.
Еврейлерге хат 12:1–2
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті, Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз.
Қорынттықт. 1-хат 13:12
Бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы.
Філіпілікт. хат 1:23
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:2–3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 26 жел.
Қорынттықт. 1-хат 15:58 · Қорынттықт. 1-хат 15:58
2006 ж. 25 жел.
Титке хат 3:4 · Еремия 31:3
2006 ж. 24 жел.
Римдіктерге хат 8:13 · Ғалаттықт. хат 5:19
2006 ж. 23 жел.
Ишая 27:5 · Еремия 29:11
2006 ж. 22 жел.
Салониқал. 1-хат 1:3 · Жохан 6:29
2006 ж. 21 жел.
Ишая 60:20 · Жохан 16:33






