2007 ж. 2 қаң.
Күнделікті нұр, 3 қаңтар: Ол сияқты ұстаз болар ешкім жоқ!
Күнделікті нұр
Мекендей алатын қалаға оларды.
Забур жырлары 106:7
Ол халыққа ұшырасты айдалада, Жел ысқырып, құлазыған маң далада, Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады, Көзінің қарасындай сақтап қорғады, Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады.
Заңды қайталау 32:10–12
Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.
Ишая 46:4
Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді. Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
Забур жырлары 22:3–4
Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар.
Ишая 58:11
«Бұл Құдай — мәңгілік Құдайымыз, Деміміз біткенше Ол — жетекшіміз!»
Забур жырлары 47:15
Ол сияқты ұстаз болар ешкім жоқ!
Әйүп 36:22
Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Ол: — Тақсыр, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді.
Лұқа 18:41
Рухани көзімді аша гөр менің, Тәліміңнен кереметтер көрейін.
Забур жырлары 118:18
Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып.
Лұқа 24:45
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді.
Жохан 14:26
Көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады.
Жақыптың хаты 1:17
Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін. Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын. Сендер Құдайдың шексіз құдіретінің Иемізге сенуші біздерге қаншалықты күшті әсер ететінін ұқсаңдар екен деп те Одан сұраймын. Құдай осы керемет құдіретін.
Ефестікт. хат 1:17–19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 1 қаң.
Філіпілікт. хат 3:13–14 · Жохан 17:24
2006 ж. 31 жел.
Заңды қайталау 1:31 · Мысырдан шығу 19:4
2006 ж. 30 жел.
Қорынттықт. 1-хат 1:8 · Қолостықт. хат 1:21–23
2006 ж. 29 жел.
Ефестікт. хат 5:17 · Салониқал. 1-хат 4:3
2006 ж. 28 жел.
Марқа 2:5 · Еремия 31:34
2006 ж. 27 жел.
Қорынттықт. 2-хат 4:18 · Еврейлерге хат 13:14






