2007 ж. 31 қаң.
Күнделікті нұр, 1 ақпан: Ашуы лезде жалындай лауламақ
Күнделікті нұр
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да.
Петірдің 1-хаты 1:8
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.
Жоханның 1-хаты 4:19
Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.
Жоханның 1-хаты 4:16
Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.
Ефестікт. хат 1:13
Құдай оларға осы құпия хабарда басқа ұлттар үшін қаншама мол жарылқау бар екенін білдірмек болып шешті: Мәсіх жүректеріңнен орын алды, сол себептен болашақ ұлылықтан үміттісіңдер.
Қолостықт. хат 1:27
Біреу «Құдайды сүйемін» дей тұра, бауырын жек көрсе, оның өтірікші болғаны. Себебі көз алдындағы бауырын сүймейтін кісі көзге көрінбейтін Құдайды қалай сүйе алады?
Жоханның 1-хаты 4:20
Иса: — Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді.
Жохан 20:29
Ашуы лезде жалындай лауламақ. Ал Оған сенгендер бақытты болмақ.
Забур жырлары 2:12
Жаратқан Ие деп аталмақ.
Еремия 23:6
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті!
Ишая 64:6
Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын, Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.
Забур жырлары 70:16
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар!
Лұқа 15:22
Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:8
Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. ... Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі. Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 30 қаң.
Еврейлерге хат 12:1–2 · Лұқа 9:23
2007 ж. 29 қаң.
Жаратылыстың баст. 16:13 · Забур жырлары 139:1–4
2007 ж. 28 қаң.
Заңды қайталау 33:25 · Марқа 13:11
2007 ж. 27 қаң.
Жоханның 1-хаты 3:5 · Еврейлерге хат 1:1–3
2007 ж. 26 қаң.
Еврейлерге хат 13:13–14 · Петірдің 1-хаты 4:12–13
2007 ж. 25 қаң.
Римдіктерге хат 3:22 · Қорынттықт. 2-хат 5:21






