2007 ж. 7 нау.
Күнделікті нұр, 8 наурыз: Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан
Күнделікті нұр
Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
Ишая 38:17
Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:7–8
Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
Еремия 31:34
(Дәуіттің насихат жыры.) Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Қандай бақытты әрбір жан! Иеміз мойнына кінә артпайтын, Жан дүниесінде жалғандық болмайтын Қандай бақытты әрбір жан!
Забур жырлары 31:1–2
Онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады.
Ефестікт. хат 3:20
Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
Қорынттықт. 2-хат 9:8
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға.
Яһуданың хаты 1:24
Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:21
Деген сұрақ қойды. Олар: — Иә ... деп жауап берді. ... деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:28–29
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 6 нау.
Нақыл сөздер 2:8 · Заңды қайталау 1:32–33
2007 ж. 5 нау.
Ишая 38:14 · Забур жырлары 123:1–2
2007 ж. 4 нау.
Қолостықт. хат 3:2 · Жоханның 1-хаты 2:15
2007 ж. 3 нау.
Нақыл сөздер 3:5–6 · Забур жырлары 62:8
2007 ж. 2 нау.
Жаратылыстың баст. 41:52 · Қорынттықт. 2-хат 1:3–5
2007 ж. 1 нау.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Жоханның 1-хаты 4:16






