2008 ж. 3 там.
Күнделікті нұр
Енді түгел орындалды! — деді де, басын иіп, жан тапсырды.
Жохан 19:30
Бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де.
Еврейлерге хат 12:2
Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім.
Жохан 17:4
Иса Мәсіхтің өз денесін біржола құрбан етіп, Құдайдың еркін орындауы арқылы біз Оның қасиетті адамдарына айналдық. Әрбір діни қызметкер күн сайын міндетін атқарып, әрдайым бірдей құрбандықтарды ұсынады. Бірақ шын мәнісінде солар ешқашан күнәларды толығымен алып тастай алмайды. Ал біздің Бас діни қызметкеріміз — Мәсіх сенушілердің күллі күнәларының құнын өтеп, тазарту үшін бір ғана құрбандық ұсынған соң, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына мәңгілікке жайғасты. Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының астына салынып берілуін күтіп отыр. Сонымен Мәсіх Құдайға бағышталғандарды жалғыз-ақ құрбандығымен мәңгілік кінәратсыз таза қылды.
Еврейлерге хат 10:10–14
Бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:14
Себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар.
Жохан 10:17–18
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Жохан 15:13
Көктен қолын созып, Ол мені ұстап алды, Терең судан Ием мені шығарып алды.
Забур жырлары 17:17
Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырдан Мені тартып шығарды әрі батпақтан; Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды, Нық, қауіпсіз қылды қадамдарымды.
Забур жырлары 39:3
Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер. Сол кезде сендер осы күнәкар дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің, яғни Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер. Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкар болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық.
Ефестікт. хат 2:1–3
Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр, Мінажатыма менің ден қоя гөр. Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен.
Забур жырлары 60:2–3
Көмек сұрап саған жалбарынған ем, Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен. Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан.
Жүніс 2:3–4
Оттан да, судан да бізді өткіздің, Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.
Забур жырлары 65:12
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің.
Ишая 43:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 3 там.
2008 ж. 2 там.
2008 ж. 1 там.
2008 ж. 31 шіл.
2008 ж. 30 шіл.
2008 ж. 29 шіл.
2008 ж. 28 шіл.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…

Христиан өмірі
Ауыртпалықтар мен күнәні тастап, сенімнің бастаушысы және аяқтаушысы Исаға нық қарап, христиандық жарысты…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…