2008 ж. 22 қаз.
Күнделікті нұр
Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді.
Лұқа 12:15
Әділдің қолындағы аздың өзі Көп зұлымның қолындағы молдан ізгі.
Забур жырлары 36:16
Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөрі Азды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.
Нақыл сөздер 15:16
Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік.
Тімотеге 1-хат 6:6, 8
Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы, Тек бере гөр күнделікті нанымды. Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?» Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін, Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін, Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.
Нақыл сөздер 30:8–9
Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
Матай 6:11
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
Матай 6:25
Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды.
Лұқа 22:35
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой.
Еврейлерге хат 13:5
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух.
Жохан 6:63
Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух.
Қорынттықт. 1-хат 15:45
Тәннен — тән, Рухтан — рух туады.
Жохан 3:6
Бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты.
Титке хат 3:5
Ал бойында Мәсіхтің Киелі Рухы жоқ адам — Мәсіхтің адамы емес. Егер де Мәсіх (Өзінің Рухы арқылы) өмірлеріңнен орын алған болса, онда тәндерің күнәнің кесірінен ажалды болғанмен, рухтарың ақталудың арқасында мәңгілік өмірге ие. Өлімнен Иса Мәсіхті қайта тірілткен Құдайдың Киелі Рухы өмірлеріңнен орын алды. Сондықтан Құдай бойларыңда тұратын Өзінің Киелі Рухы арқылы сендердің денелеріңді де өлімнен тірілтіп алатын болады.
Римдіктерге хат 8:9–11
Қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір.
Ғалаттықт. хат 2:20
Сендер де өздеріңді «күнәға жоқпыз, енді Құдайдың құрметі үшін Иса Мәсіхпен тығыз байланыста өмір сүреміз» деп есептеңдер!
Римдіктерге хат 6:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 22 қаз.
2008 ж. 21 қаз.
2008 ж. 20 қаз.
2008 ж. 19 қаз.
2008 ж. 18 қаз.
2008 ж. 17 қаз.
2008 ж. 16 қаз.

Қанағат
Лотерея ойнаудың неліктен дұрыс емес екендігі туралы Киелі кітаптағы нұсқаулар, сараңдық, қанағат және ақшаға…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…

Құтқарылу
Бүкіл Киелі кітап Құдайдан шабыттандырылған, тек жалпы ойлар, идеялар немесе принциптер ғана емес, Құдайдан…

Қасиетті Вечер
Христиандардың қауымдастық туралы түсінігін және нан мен шараптың Исаның денесі мен қанына тікелей…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…