2008 ж. 7 жел.
Күнделікті нұр
Бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар! Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 6:1–2
Бауырластарым, қайсыбіреуің ақиқат жолынан тайса, басқа біреуің оны кері қайтарсын! Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Жақыптың хаты 5:19–20
Шынайы хабарға мойынсұнып, күнәдан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспеншілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз, шын жүректен сүйіңдер!
Петірдің 1-хаты 1:22
Қарыздарыңды уақтылы өтеп қайтарыңдар, әсіресе, бір-біріңді сүю парызын өтеп тұрыңдар. Адамның басқаларды сүюі Құдайдың заңын да орындағаны.
Римдіктерге хат 13:8
Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар.
Римдіктерге хат 12:10
Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Петірдің 1-хаты 5:5
Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес.
Римдіктерге хат 15:1
Себебі сол уақыт келгенде топырақтан жаратылған денеміз топыраққа қайта айналып, жанымыз өзін сыйлаған Құдайға кері қайтады.
Уағыздаушы 12:7
Топыраққа көмілген дене шіріп кетеді, ал қайта тірілгені мәңгі шірімейді. Жерленіп, дене қор болады, ал кейін салтанатпен тіріледі. Әлсіз тән жерленеді, күшті болып қайта тіріледі. Жерленгені — табиғи, тәндік дене болса, тірілгені — табиғаттан тыс, «рухани» дене.
Қорынттықт. 1-хат 15:42–44
Топырақтан жаратылған алғашқы адам бұ дүниеден.
Қорынттықт. 1-хат 15:47
Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!
Жаратылыстың баст. 3:19
Біреу мол дәулетке кенеліп бейқам өмір сүреді. Ал басқа біреу болса, еш игілік көрместен, бұ дүниеден көңілі қалып өтеді. Ақырында солардың екеуі де жер қойнына еніп, екеуі де құртқа жем болады.
Әйүп 21:23, 25–26
Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
Забур жырлары 15:9
Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын!
Әйүп 19:26
Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Көрсете гөр, Ием, ғұмырымның соңын, Көрер күндерімнің бүкіл санын, Өмірімнің өткіншілігін ұғайын.
Забур жырлары 38:5
Үйрете гөр ғұмырды есептеуді, Содан иемденейік дана жүректі.
Забур жырлары 89:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 7 жел.
2008 ж. 6 жел.
2008 ж. 5 жел.
2008 ж. 4 жел.
2008 ж. 3 жел.
2008 ж. 2 жел.
2008 ж. 1 жел.

Қайғы
Әйүптің өлімді жеңуі және Құдайдың сынақтар арқылы көрсеткен нәзік мейірімі туралы ежелгі куәлігін зерттеңіз…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Кішіпейілділік
Иса жеке шабуылға ұшырағанда момындық танытты, бірақ Құдайдың мүдделері үшін қасиетті ынта көрсетті…