2009 ж. 7 сәу.
Күнделікті нұр
Сендер Мәсіхтің арқасында барлық жағынан да рухани байып, Құдайдың сөзі жайлы еркін сөйлей алып, жан-жақты білімге ие болдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 1:5
Ақталуға ешқандай шарамыз болмай тұрғанда, Мәсіх Құдай алдын ала белгілеп қойған уақытында күнәкар біздер үшін жанын қиды!
Римдіктерге хат 5:6
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады! Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.
Қолостықт. хат 2:9–10
Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар. Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
Жохан 15:4–5
Сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Ал әрқайсымызға Мәсіхтің рақым етіп үлестіріп берген ерекше рухани дарындарымыз бар.
Ефестікт. хат 4:7
Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.
Жохан 15:7
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары.
Қолостықт. хат 3:16
Оның бет-жүзін көретін болады.
Аян 22:4
Ендеше маған Сенің нұрлы салтанатыңды көрсете гөр, — деп өтінді. Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды.
Мысырдан шығу 33:18, 20
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді, Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді, Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді. Иә, ол солай болады да!
Аян 1:7
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес, Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес.
Руларды санау 24:17
Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады! Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын!
Әйүп 19:25–26
Мен адал жүріп, бет-жүзіңді көремін, Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Забур жырлары 16:15
Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз.
Жоханның 1-хаты 3:2
Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді ... Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.
Салониқал. 1-хат 4:16–17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 7 сәу.
2009 ж. 6 сәу.
2009 ж. 5 сәу.
2009 ж. 4 сәу.
2009 ж. 3 сәу.
2009 ж. 2 сәу.
2009 ж. 1 сәу.

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Құтқарылу
Пауыл сенушілерді Мәсіхтің құрбандығын тереңірек бағалау үшін дінге кірмес бұрынғы жағдайларын еске түсіруге…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Шәкірттік
Көптеген адамдардың мақсаты – өздеріне сенімді болуға, ұлы істерді атқаруға, кедергілерді жеңуге және өте…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…