2009 ж. 18 там.
Күнделікті нұр
Өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:15
Мынаны білесіңдер: әрқайсыңды туған баламыздай көріп, сендерге Құдай алдында ұялмайтындай болып жүріңдер деп ескертіп, соған көздеріңді жеткіздік, тіпті өздеріңе жалындық та. Өйткені Құдай сендерді өз Патшалығы мен салтанатты ұлылығына шақырады.
Салониқал. 1-хат 2:11–12
Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:9
Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер!
Ефестікт. хат 5:8–11
Иса Мәсіхтің көмегімен молынан әділ іс-әрекеттер жасап келген боласыңдар. Содан Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ.
Філіпілікт. хат 1:11
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:16
Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!
Қорынттықт. 1-хат 10:31
Сендер Маған болашақтағы жайттар туралы сұрақ қоясыңдар ма?! Рухани балаларым және қолымнан шыққан істерім жөнінде бұйрық бересіңдер ме?!
Ишая 45:11
Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын, әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқының өтінішіне жауап беріп, олар үшін мынаны істеймін.
Езекиел 36:26–27, 37
Жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек. Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:19–20
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді: — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады.
Марқа 11:22–23
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 18 там.
2009 ж. 17 там.
2009 ж. 16 там.
2009 ж. 15 там.
2009 ж. 14 там.
2009 ж. 13 там.
2009 ж. 12 там.

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…
Мейірім
Құдайдың араласуы өмірді түбегейлі өзгертетін «Бірақ Құдай» сәттерінің библиялық концепциясын зерттеңіз.
Құлшылық
Гедеон табыну үшін жеке құрбандық орнын, ал куәлік үшін көпшілік құрбандық орнын салды. Бұл біздің тиімді…
Өзін құрбан ету
Філіпіліктерге 2:5-8-де сипатталғандай, Иса Мәсіхтің өзін-өзі беру көзқарасы мен кішіпейілділігін қабылдау…
Киелі кітапты зерттеу
Құдай Сөзі уағыздалып, үйретілгенде оның өзгертуші күшін ашыңыз. Ол жарық, емдеу, түсінік және рухани күш…
Мәсіхке ұқсау
Мәсіх біздің өмір сүру үшін стандартымыз және үлгіміз. Оның іздерін басуды, Құдайды даңқтауды және…