2009 ж. 19 там.
Күнделікті нұр
Құдай өтірік айтатын пенде емес, Ойын өзгерте беретін адам да емес.
Руларды санау 23:19
Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Жақыптың хаты 1:17
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.
Забур жырлары 90:4
Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.
Еврейлерге хат 6:17–18
Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап, рақымын төгетін болады.
Заңды қайталау 7:9
Келісімнің ережелерін ұстанған жанды Жаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.
Забур жырлары 24:10
Жақып сиынған Құдай жар болған Және Құдай Иесіне үміт артқан Қандай бақытты болады әрбір жан! Көк пен жерді ... Ол мәңгі бақи сөзінде тұрады.
Забур жырлары 145:5–6
Тап болған қиындыққа мойығаның — Тым аздығы бойыңдағы қуатыңның!
Нақыл сөздер 24:10
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:29
Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын, Азап шеккен кезінде оған жар боламын, Аман-есен сақтап.
Забур жырлары 90:15
Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының, Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады.
Заңды қайталау 33:27
Бекерге жұрттан аяныш күттім, Ешбір жұбатушыны кездестірмедім.
Забур жырлары 68:21
Әдетте әрбір бас діни қызметкер пенделер арасынан таңдалып, олар үшін Құдайға қызмет етуге тағайындалады: Оған арнап сый-тартулар ұсынып, адамдардың күнәларының құнын өтеу үшін құрбандықтар шалады. Бас діни қызметкер өзінің де пенделік кемшіліктері бар болғандықтан ... Сондай-ақ Мәсіх те Бас діни қызметкер болу құрметін өз бетімен иемденген жоқ ... Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді. Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.
Еврейлерге хат 5:1–2, 5, 8–9
Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді.
Ишая 53:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 19 там.
2009 ж. 18 там.
2009 ж. 17 там.
2009 ж. 16 там.
2009 ж. 15 там.
2009 ж. 14 там.
2009 ж. 13 там.
Теология
Құдайды дұрыс түсіну мәсіхші өмірі үшін өте маңызды. Бұл махаббатты көрсетеді, пұтқа табынудың алдын алады…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Иса Мәсіх
Ишая 33:17-ден шабыт алған бұл діни өлең Даңқ Патшасы Мәсіхтің сұлулығы мен ұлылығын және Оның шіркеуге деген…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…