2009 ж. 4 жел.
Күнделікті нұр
Үйренуім үшін жарлықтарыңды, Азап шеккенім маған жақсы болды.
Забур жырлары 118:71
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз. Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін.
Римдіктерге хат 8:17–18
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін. Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.
Әйүп 23:10–11
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді. Сонымен әкесінің баласын тәрбиелейтініндей, Құдайларың Жаратқан Иенің де сендерді тәрбиелейтінін терең ұғынып, жүректеріңде берік сақтаңдар! Құдай Иеміздің өсиеттерін берік сақтап, нұсқаған жолдарымен жүріп, Оны терең қастерлеңдер!
Заңды қайталау 8:2, 5–6
Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді.
Патшалықтар 1-ж. 2:9
Дәуіт оған былай деп жауап қайырды: — Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын! дорбасынан бір тасты суырып алып, сақпанына салып, атып жіберді ... Осылай Дәуіт філістірді тек сақпан және кесек таспен ғана жеңіп шықты.
Патшалықтар 1-ж. 17:45, 49–50
Патшаны қалың жасағы құтқармайды, Жауынгер зор күшімен қорғана алмайды, Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге, Рақымына үмітін жүктегендерге Назарын салады Жаратқан Ие.
Забур жырлары 32:16, 18
Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің, Бүкіл әлемге билік жүргізушісің! Бәрін жоғарылатып, күшейтетін Құдірет пен билік қолыңда Сенің.
Шежірелер 1-ж. 29:12
Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Қорынттықт. 2-хат 12:9–10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 4 жел.
2009 ж. 3 жел.
2009 ж. 2 жел.
2009 ж. 1 жел.
2009 ж. 30 қар.
2009 ж. 29 қар.
2009 ж. 28 қар.

Сенім
Құдайдың сенушілерге қалай тұрақты қорғаныс пен басшылық беретінін, өмірдің барлық сынақтары мен…

Пайғамбарлық
Ханна туылмай тұрып көп жыл бұрын да Израильдің нашарлаған жағдайы Төрешілер кітабында баяндалған. Кітап…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Рухани өсу
1 Жохан 2:12-14-те сипатталған мәсіхшілік өсудің үш кезеңін – балалық шақ, жастық шақ және ересектік шақты…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…