2009 ж. 29 қар.
Күнделікті нұр
Тыныштықтың бастауы — Жаратқан Иенің Өзі сендерге әрдайым қай нәрседе де тыныштық сыйлай берсін! Иеміз барлығыңа жар болғай!
Салониқал. 2-хат 3:16
Әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие).
Аян 1:4
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:7
Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді.
Лұқа 24:36
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Жохан 14:27
Сендерге шындықты білдіретін сол Киелі Рух Әкемнен келіп, Мен туралы куәлік береді.
Жохан 15:26
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік.
Ғалаттықт. хат 5:22
Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Римдіктерге хат 8:16
Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды. Сонда Мұса былай деп өтінді: — Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме. Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе?
Мысырдан шығу 33:14–16
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз.
Римдіктерге хат 5:3
Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.
Қорынттықт. 1-хат 15:19
Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:12–13
Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Філіпілікт. хат 4:4
Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды.
Елшіл. істері 5:41
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін!
Римдіктерге хат 15:13
Інжір ағаштары гүлдемесе де, Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де, Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де, Егістіктерден астық жиналмаса да, Қорада қой, табында мал қалмаса да, Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын, Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Аббақұқ 3:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 29 қар.
2009 ж. 28 қар.
2009 ж. 27 қар.
2009 ж. 26 қар.
2009 ж. 25 қар.
2009 ж. 24 қар.
2009 ж. 23 қар.

Қайғы
Христиандардың неге қиыншылықта мақтана алатынын біліңіз. Құдайдың тазартатын сүйіспеншілігі арқылы…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…