2009 ж. 24 жел.
Күнделікті нұр
Алайда Құтқарушы Құдайымыз Өзінің қайырымын және адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін айқын көрсеткенде.
Титке хат 3:4
Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік.
Еремия 31:3
Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді. Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.
Жоханның 1-хаты 4:9–10
Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп, Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында сол заңға бағынғандарды босатып, Өзінің рухани балалары ету үшін келді.
Ғалаттықт. хат 4:4–5
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз: Мәсіх адам болып дүниеге келді.
Тімотеге 1-хат 3:16
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты.
Еврейлерге хат 2:14
Бізге берген баға жетпес сыйы үшін Құдайға лайым шүкірлік етейік!
Қорынттықт. 2-хат 9:15
(Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.) Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап, Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп, Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!
Забур жырлары 99:1–2, 4
Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6–7
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды.
Римдіктерге хат 8:32
Бақ иесінің жұмсайтын тағы бір адамы — өзінің сүйікті ұлы қалады.
Марқа 12:6
Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін.
Забур жырлары 106:21
(Дәуіттің жыры.) Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Шын жүректен қасиетті атын ардақтаймын.
Забур жырлары 102:1
Жан дүнием Иемді мадақтайды, Құтқарушым Құдайға қуанады.
Лұқа 1:46–47
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 24 жел.
2009 ж. 23 жел.
2009 ж. 22 жел.
2009 ж. 21 жел.
2009 ж. 20 жел.
2009 ж. 19 жел.
2009 ж. 18 жел.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…