2009 ж. 29 жел.
Күнделікті нұр
Иеміздің қайта оралатын сол күні еш айыпталмауларың үшін Тәңір Ие сендерді өмірлеріңнің аяғына дейін табанды етпек.
Қорынттықт. 1-хат 1:8
Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады. Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады.
Қолостықт. хат 1:21–23
Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап.
Філіпілікт. хат 2:15
Сонымен, сүйікті бауырластар, сендер бұлардың келуін күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:14
Соның нәтижесінде әр жағдайда ненің ізгілікті екенін ажырата білсеңдер екен деймін. Осылай сендер Мәсіх қайта оралар күні мінсіз пәк болып.
Філіпілікт. хат 1:10
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі!
Яһуданың хаты 1:24–25
Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді.
Патшалықтар 1-ж. 2:9
Егер біз «Құдаймен байланыстамыз» дей тұра, түнекте жүрсек, өтірікші боламыз, әрі өміріміз шындыққа сай болмай қалады. Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:6–7
Шомылған кісі тап-таза, оның аяғын ғана жуу керек. Сендер де тазасыңдар.
Жохан 13:10
Мен саған даналық жолын көрсетемін, Ұдайы сені тура жолмен жетелеймін. Сол жолмен бөгелмей еркін жүресің, Жүгірсең де ешқашан сүрінбейсің. ... Шын өмірге жеткізеді ... Бас тартып одан, әрқашан айналып өт, Бойыңды аулақ ұстап, бұрылып кет. Алға қарай көзің тура қарасын, Алған бағыттан назарың таймасын, Көңіл бөл жүретін жолыңа өзіңнің, Лайым берік болсын жолдарың сенің. Алға бас, оңға-солға бұрылма, Аяғыңды жамандықтан аулақ ұста.
Нақыл сөздер 4:11–13, 15, 25–27
Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Тімотеге 2-хат 4:18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 29 жел.
2009 ж. 28 жел.
2009 ж. 27 жел.
2009 ж. 26 жел.
2009 ж. 25 жел.
2009 ж. 24 жел.
2009 ж. 23 жел.

Сенім
Құдайдың сенушілерге қалай тұрақты қорғаныс пен басшылық беретінін, өмірдің барлық сынақтары мен…

Пайғамбарлық
Ханна туылмай тұрып көп жыл бұрын да Израильдің нашарлаған жағдайы Төрешілер кітабында баяндалған. Кітап…
Емдеу
Құдай Сөзіндегі алапес күнәнің метафорасы болып табылады – алапес физикалық тұрғыдан бұзатыны сияқты, күнә…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жаңа жаратылыс
Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…