2010 ж. 4 қаң.
Күнделікті нұр
Ал сенімімізді Мәсіхке артқан біздер уәде етілген тыныштықты иемденеміз.
Еврейлерге хат 4:3
Күнә жасауларымен-ақ өздерін шаршатады.
Еремия 9:5
Бірақ бойымда басқа бір заңдылықтың да бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәлі құмарлыққа кіріптар етеді. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады?
Римдіктерге хат 7:23–24
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
Матай 11:28
Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз. Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз!
Римдіктерге хат 5:1–2
Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.
Еврейлерге хат 4:10
Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:9
Бұл — тыныш жер, шаршағандардың тынығып демалатын мекені. Осында тыныштықта боласыңдар.
Ишая 28:12
Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр, Аузымның ашылуын бақылай гөр.
Забур жырлары 140:3
Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң, Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?
Забур жырлары 129:3
Олар Мұсаны кейітіп өшіктірді, Сонда ол қызбаланып ағат сөйледі.
Забур жырлары 105:33
Адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды.
Матай 15:11
Өсекші достарды айырар.
Нақыл сөздер 16:28
Мылжың өз тілімен семсердей шағар, Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар. Шыншылдың сөзі мәңгілік, Өтірікшінің сөзі бір-ақ сәттік.
Нақыл сөздер 12:18–19
Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы. Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады. Бауырластарым менің, бұлай болмасын!
Жақыптың хаты 3:8, 10
Ал мына қылықтарды енді тастаңдар: ашу-ыза, кек сақтау, қаралау, бейпіл ауыздық; бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап.
Қолостықт. хат 3:8–9
Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды.
Салониқал. 1-хат 4:3
Ауыздарынан арам сөз шықпайтын.
Аян 14:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 4 қаң.
2010 ж. 3 қаң.
2010 ж. 2 қаң.
2010 ж. 1 қаң.
2009 ж. 31 жел.
2009 ж. 30 жел.
2009 ж. 29 жел.

Иса Мәсіх
Исаның Құдайдың қозысы ретіндегі төрт библиялық қырын зерттеңіз: Оның момын жүрісі, Оның өтеу жұмысы, Ол…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…

Шәкірттік
Баланың алғашқы қадамдары маңызды кезеңді білдіреді және ата-аналар оны қуанышпен бақылайды. Христиан…

Киелі кітапты зерттеу
Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

Рухани өсу
Мәсіхші ретінде өмір сүру тек физикалық қажеттіліктерге назар аудармай, күн сайын Құдай Сөзі туралы ойлауды…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…