2010 ж. 5 қаң.
Күнделікті нұр
Құдай Иеміз бізге риза бола көрсін, Қолға алған ісімізді оңғара көрсін.
Забур жырлары 89:17
Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие.
Езекиел 16:14
Бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады.
Петірдің 1-хаты 4:14
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты! Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
Забур жырлары 127:1–2
Жаратушыға сеніп тапсыр бар ісіңді, Сонда құрған жоспарың болар өнімді.
Нақыл сөздер 16:3
Соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:12–13
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Салониқал. 2-хат 2:16–17
Исаның жіберген елшілері қайта оралып, Оның қасына жиналған соң, өздерінің жасаған істері мен берген тәлімдері туралы түгелдей баяндап берді.
Марқа 6:30
Шынайы дос ағайыннан жақын болар.
Нақыл сөздер 18:24
Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін.
Мысырдан шығу 33:11
Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар. Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Жохан 15:14–15
Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз.
Лұқа 17:10
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Римдіктерге хат 8:15
Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Ал әділдің мінажаты Оны сүйсіндірер.
Нақыл сөздер 15:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 5 қаң.
2010 ж. 4 қаң.
2010 ж. 3 қаң.
2010 ж. 2 қаң.
2010 ж. 1 қаң.
2009 ж. 31 жел.
2009 ж. 30 жел.

Дұға
Исаның Гетсеманияда қолданған «Әке Әке» сөзінің терең мағынасын зерттеңіз, ол Құдаймен кемел сенім мен жақын…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Қайғы
Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Күнә
Ауру сезімнің нашарлауына, деформациялардың пайда болуына және басқалардан оқшаулануға әкеледі. Алапестің…