2010 ж. 24 қаң.
Күнделікті нұр
Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды.
Римдіктерге хат 3:22
Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.
Қорынттықт. 2-хат 5:21
Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды!
Ғалаттықт. хат 3:13
Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5–6
Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі. Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:8–9
Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Римдіктерге хат 8:15
Аспанға қарап былай деді: — Әке, уақыт жетті. ... Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. ... Әділетті Әке.
Жохан 17:1, 11, 25
Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді.
Марқа 14:36
Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!» — деп Құдайға сиындырады.
Ғалаттықт. хат 4:6
Екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Ефестікт. хат 2:18–19
Себебі Сен рухани Әкемізсің ... бізге Әкесің, Ежелден-ақ мынау болды өз есімің: «Құтқарып алған Қамқоршымыз біздің».
Ишая 63:16
Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен, — дейін. Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады.
Лұқа 15:18–20
Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар!
Ефестікт. хат 5:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 24 қаң.
2010 ж. 23 қаң.
2010 ж. 22 қаң.
2010 ж. 21 қаң.
2010 ж. 20 қаң.
2010 ж. 19 қаң.
2010 ж. 18 қаң.

Дұға
Исаның Гетсеманияда қолданған «Әке Әке» сөзінің терең мағынасын зерттеңіз, ол Құдаймен кемел сенім мен жақын…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құтқарылу
Суға батып бара жатқан адамға сабақ емес, құтқарушы қажет. Рухани тұрғыдан, бәрі күнә жасаған және оларды…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…