2010 ж. 18 қаң.
Күнделікті нұр
Еш мансап қумай, кішіпейілдікпен, көз жасымды төгіп, яһудилердің қастандықтарының кесірінен болған ауыр азапқа қарамастан, Иемізге қызмет етіп келдім.
Елшіл. істері 20:19
Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін! Қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл іспетті қызмет ете берсін! Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:26–28
Кімде-кім шын мәнінде өзгелерден артық болмай тұрып, ерекшемін деп көкірегін көтеріп, көмектесуден бас тартса, сол өзін-өзі алдайды.
Ғалаттықт. хат 6:3
Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.
Римдіктерге хат 12:3
Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Лұқа 17:10
Біздің айналамыздағы адамдармен ... Құдайға ұнамды ашықтықпен, адалдықпен қатынас жасап келгендігімізге ар-ұжданымыз куә; мұны мақтан тұтамыз. Ескі күнәкар болмысымыздың «даналығымен» емес.
Қорынттықт. 2-хат 1:12
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
Қорынттықт. 2-хат 4:7
Өз бетімізбен жүрдік.
Ишая 53:6
Жер бетінде бірінші болып жүзім екті. Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырдың ішінде жалаңаш жатты.
Жаратылыстың баст. 9:20–21
Ыбырам әйелі Сарайға былай деді: — Сенің керемет сұлу әйел екеніңді жақсы білемін. Маған да, саған да жақсы болсын, өз игілігің үшін де мені аман қалсын десең.
Жаратылыстың баст. 12:11, 13
Сонда Ысқақ: — Ұлым ... Сен шынымен ұлым Есаумысың? — деп сұрады. Жақып: — Иә, солмын, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 27:21, 24
Жапа шеккізді Мұсаға ... Сонда ол қызбаланып ағат сөйледі.
Забур жырлары 105:32–33
Исраилдіктер олардың жол азықтарынан алып көрді, алайда Жаратқан Иенің еркін сұрамады. Содан Ешуа гибеондықтармен бейбітшілік келісімін жасап.
Ешуа 9:14–15
Себебі Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын санамағанда, өмір бойы Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, Оның бұйырғандарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ.
Патшалықтар 3-ж. 15:5
Бұлардың барлығы сенімдерінің арқасында Тәңір Иенің ризашылығына ие болды.
Еврейлерге хат 11:39
Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады.
Римдіктерге хат 3:24
Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:6
Әрине, Менің жасаған осы жақсылықтарымның себебі өздеріңнің соған лайықты екендіктерің емес! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сендер мұны біліп қойыңдар! Уа, Исраил халқы, істеген зұлым істеріңе шын жүректен ұялып өкініңдер!
Езекиел 36:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 18 қаң.
2010 ж. 17 қаң.
2010 ж. 16 қаң.
2010 ж. 15 қаң.
2010 ж. 14 қаң.
2010 ж. 13 қаң.
2010 ж. 12 қаң.

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Сенім
Құдай біздің жүрегімізді көреді, ал адамдар сыртқы келбетіне қарай бағалайды. Киелі жазбаның шынайы сенім мен…

Құтқарылу
Суға батып бара жатқан адамға сабақ емес, құтқарушы қажет. Рухани тұрғыдан, бәрі күнә жасаған және оларды…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…