2010 ж. 20 сәу.
Күнделікті нұр
Сағынып та жүрмін. Менің қуанышым.
Філіпілікт. хат 4:1
Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.
Әйүп 23:11
Себебі Жаратушы әділдікті қалайды, Өзіне бағышталған жаннан бас тартпайды. Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды.
Забур жырлары 36:28
Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.
Забур жырлары 120:7
Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын. Бірақ біз алған бағытынан кері қайтып, тозаққа түсетіндердің қатарынан емеспіз. Қайта, Құдайға нық сеніп, мәңгі құтқарылмақпыз.
Еврейлерге хат 10:38–39
Өйткені егер біздікі болса, бізбен бірге қалар еді. Бұлардың бәрінің біздікі болмағандықтары осылайша білініп қалды.
Жоханның 1-хаты 2:19
Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар.
Жохан 8:31
Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады.
Матай 24:13
Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 16:13
Жеңісіңнің тәжін сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста!
Аян 3:11
Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан өшірмей.
Аян 3:5
Мәтусал дүниеге келген соң.
Жаратылыстың баст. 5:22
Бағыт жайлы келісіп алмаса, екі адам бірге жүре ала ма?
Амос 3:3
Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады ... Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.
Қолостықт. хат 1:20–22
Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар.
Ефестікт. хат 2:13
Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас болған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдаймен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз сөзсіз! Бұл ғана емес, біз Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың Өзіне қатты шаттанып та жүрміз.
Римдіктерге хат 5:10–11
Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.
Жоханның 1-хаты 1:3
Лайым Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен қарым-қатынастарың бәріңде бола берсін!
Қорынттықт. 2-хат 13:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 20 сәу.
2010 ж. 19 сәу.
2010 ж. 18 сәу.
2010 ж. 17 сәу.
2010 ж. 16 сәу.
2010 ж. 15 сәу.
2010 ж. 14 сәу.
Қайта тірілу
Лазардың қайта тірілуі сенушілердің күнәдан қалай тірілетінін және рухани қабір киімдерінен қалай…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…
Ажырату
Мәсіхшілерге Киелі кітапта анық тыйым салынбаған әрекеттерге қатысу-қатыспауды шешуге көмектесетін тоғыз…
Дұға
Епафрастың Қолостықтар үшін күшті дұға қызметінің сипаттамаларын ашыңыз, ынталы, өзімшіл емес және табанды…