2010 ж. 19 сәу.
Күнделікті нұр
Сол қаладағы заттардың бәрі қарғысқа ұшыраған, солардың ешқайсысын алушы болмаңдар!
Заңды қайталау 13:17
Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар!
Қорынттықт. 2-хат 6:17
Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:11
Күнәнің ықпалынан шошына сақтаныңдар! Олардың азғын болмыстарынан бастау алатын арам істерінен жиреніп, аулақ жүріңдер!
Яһуданың хаты 1:23
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:2–3
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды. Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:11–14
Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым.
Елшіл. істері 26:15
Деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін ... Құтқарушыңмын!
Ишая 43:2–3
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
Забур жырлары 22:4
Деген ат қояды.
Матай 1:23
Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
Ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда. Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме?
Римдіктерге хат 8:34–35
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 19 сәу.
2010 ж. 18 сәу.
2010 ж. 17 сәу.
2010 ж. 16 сәу.
2010 ж. 15 сәу.
2010 ж. 14 сәу.
2010 ж. 13 сәу.
Рождество
Рождество Құдайдың Жаратылыстан бергі уәдесін қалай орындайтынын біліңіз. Жаратылыстан Мәсіхтің туылуына…
Шәкірттік
Исаның жердегі әкесі Жүсіптің мінезін махаббат, сенім, мойынсұну және сабырлық үлгісі ретінде зерттеңіз.
Рождество
«Нағыз» Рождество хикаясы – Назареттік Иса Мәсіхтің жүктілігі, туылуы және балалық шағы туралы адамдардың…
Шіркеу
Киелі кітаптың нағыз Шіркеу туралы не үйрететінін біліңіз. Бұл ғимарат емес, Мәсіхтің денесі, қалыңдығы және…
Ажырату
Мәсіхшілерге Киелі кітапта анық тыйым салынбаған әрекеттерге қатысу-қатыспауды шешуге көмектесетін тоғыз…

Рождество
Бұл өлең Иса Мәсіхтің туылуы, өмірі және өлімі туралы терең сұрақтарды зерттейді, орындалған…