2010 ж. 17 сәу.
Күнделікті нұр
Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын.
Заңды қайталау 18:18
Мен сол кезде Жаратқан Ие мен сендердің екі араларыңда тұрып Оның сөздерін сендерге жеткізетінмін. Өйткені сендер оттан қорқып, тау басына көтерілмей қойған едіңдер.
Заңды қайталау 5:5
Біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Тімотеге 1-хат 2:5
Ал Мұса жер бетіндегі барлық адамдардың ең кішіпейілі болатын.
Руларды санау 12:3
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің.
Матай 11:29
Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра, Ол Онысына жармасқан жоқ, қайта, Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді.
Філіпілікт. хат 2:5–7
Мұса Құдайдың бүкіл үйінде адал қызметшісі болып, Оның кейін жариялайтын хабарына меңзеп, ол туралы алдын ала айтып кетті. Ал Мәсіх Құдайдың рухани Ұлы ретінде Оның үйін (яғни Құдайдың халқын) адал басқарады. Егер (Мәсіхке деген) нық сенімімізді және мақтан тұтып келген үмітімізді берік ұстансақ, біз Соның рухани үйіміз.
Еврейлерге хат 3:5–6
Мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз.
Салониқал. 2-хат 2:16
Ал кейін Мен жастық шағыңда өзіңмен жасаған Келісімімді есіме алып, сенімен мәңгілік Келісім жасаймын.
Езекиел 16:60
Сонымен Мәсіх Құдайға бағышталғандарды жалғыз-ақ құрбандығымен мәңгілік кінәратсыз таза қылды.
Еврейлерге хат 10:14
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Себебі Құдай уәде беріп, таңдап алғандығынан таймайды.
Римдіктерге хат 11:29
Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады?
Римдіктерге хат 8:35
Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.
Аян 7:17
Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:17–18
Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар.
Миха 2:10
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 17 сәу.
2010 ж. 16 сәу.
2010 ж. 15 сәу.
2010 ж. 14 сәу.
2010 ж. 13 сәу.
2010 ж. 12 сәу.
2010 ж. 11 сәу.
Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдай мен адамзат арасындағы жалғыз Делдал екенін біліңіз. Оның күнәсіз өмірі мен айқыштағы…
Сенім
Шынайы христиандықтың неліктен Иса Мәсіхпен жеке қарым-қатынас ретінде сипатталатынын, жай ғана дін емес…
Махаббат
Заң мұғалімі Исаның кейбір циник саддукейлердің шабуылын жеңгенін көрді. Оның ниеті Исаны тұзаққа түсіруді…
Мейірім
Пауылдың Тит 2-де сипаттаған Құдайдың рақымының мағынасын зерттеңіз, оның өтеуші, алмастырушы, ақтаушы және…
Рождество
«Нағыз» Рождество хикаясы – Назареттік Иса Мәсіхтің жүктілігі, туылуы және балалық шағы туралы адамдардың…
Киелі адамдар
Екеуінің арасында ерекше айырмашылық бар ма? Ескі және Жаңа Өсиет әулиелерінің ортақ және ерекше аспектілерін…