2010 ж. 29 сәу.
Күнделікті нұр
Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті.
Жоханның 1-хаты 2:5
Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. Иеміз өз қанын төгіп құрбан болуымен мәңгілік Жаңа Келісімді бекіткендіктен, сенушілер қауымының Ұлы Бағушысы болды. Лайым Құдай Өзінің айтқандарын орындауларың үшін сендерге қажетті барлық жақсылықты дарыта көрсін, әрі Өзіне ұнайтын игі істерді Иса Мәсіхтің қолдауымен сендерге жасата берсін. Мәсіхтің ұлылығы мәңгілік мадақтала берсін! Аумин.
Еврейлерге хат 13:20–21
Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.
Жоханның 1-хаты 2:3
Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз.
Жохан 14:23
Сондықтан кім Мәсіхпен тығыз байланыста тұрса, сол күнә жасай бермейді. Күнә жасай беретін әркім Оны көрген де, таныған да емес. Балаларым менің, сендерді ешкім де күнә жасауға азғырмасын! Әділдік істеуші адам Мәсіхтің Өзі сияқты әділ болады.
Жоханның 1-хаты 3:6–7
Мәсіхтің осы дүниеде қалай өмір сүргеніндей өмір сүрсек, онда Құдайдың сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жетеді. Осылай қиямет сотында нық сенімді боламыз.
Жоханның 1-хаты 4:17
Түсінігі мол — ұстамды жанның.
Нақыл сөздер 14:29
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады: «Жаратқан Ие! Жаратқан Ие! Құдай мейірімді де қайырымды, Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.
Мысырдан шығу 34:6
Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Петірдің 2-хаты 3:9
Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар! Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер!
Ефестікт. хат 5:1–2
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза. ... Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды. ... Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:19–21, 23
«Ашуланғанда күнә жасамаңдар!» деп (Забурда) жазылған.
Ефестікт. хат 4:26
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 29 сәу.
2010 ж. 28 сәу.
2010 ж. 27 сәу.
2010 ж. 26 сәу.
2010 ж. 25 сәу.
2010 ж. 24 сәу.
2010 ж. 23 сәу.
Өтеу
Құдайдың шексіз сүйіспеншілігінің терең шындығын зерттеңіз, ол Мәсіхтің біз әлі күнәкар кезде біз үшін өлгені…
Сот
Кейбіреулер табиғи апаттар туралы ескертулерді елемегендей, көптеген адамдар Құдайдың күнә үшін мәңгілік сот…
Ажырату
Мәсіхшілерге Киелі кітапта анық тыйым салынбаған әрекеттерге қатысу-қатыспауды шешуге көмектесетін тоғыз…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…
Апологетика
Атеизмнен теизмге дейінгі жеті негізгі дүниетанымның логикалық талдауын зерттеңіз. Библиялық христиандық…
Пайғамбарлық
Технологияның жетілуімен метеорологтар ауа райын болжауда шеберлікке жетті. Бірақ, керісінше, жер…