2010 ж. 30 сәу.
Күнделікті нұр
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік.
Ғалаттықт. хат 5:22
Ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:6
Құдай біздерді татулықта тұруға шақырған болатын.
Қорынттықт. 1-хат 7:15
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Жохан 14:27
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
Римдіктерге хат 15:13
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек. Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады.
Ишая 32:17–18
Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады.
Нақыл сөздер 1:33
Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер.
Забур жырлары 118:165
Қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ.
Езекиел 48:35
Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!
Аян 21:3
Қаладан киелі үйді көрмедім. Себебі оның киелі үйі — бүкіл әлемнің Билеушісі Құдай Ие және Тоқты. Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ: Құдайдың нұрлы салтанаты оны жарқыратады, әрі Тоқты да — оның шам-шырағы іспетті.
Аян 21:22–23
Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Забур жырлары 16:15
Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Забур жырлары 72:25
Ал Яһуда бұдан былай бос қалмайды. Иерусалимді де ұрпақтан ұрпаққа мекендейтін болады. Мен олардың әлі кешірілмеген, қан төгіп жасаған күнәларын кешіремін». Сонымен Жаратқан Ие Сионда тұратын болады.
Жоел 3:20–21
Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие.
Зәкәрия 2:10
Қарғалған еш нәрсе де осы қаладан табылмайды. Құдай мен Тоқтының отырған тағы қаланың ішінде. Құдайдың қызметшілері Оған бас ұра қызмет етіп.
Аян 22:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 30 сәу.
2010 ж. 29 сәу.
2010 ж. 28 сәу.
2010 ж. 27 сәу.
2010 ж. 26 сәу.
2010 ж. 25 сәу.
2010 ж. 24 сәу.
Бейбітшілік
Исаның туылуы кезінде періштелер жариялаған тыныштық Құдаймен тыныштықты білдіреді, бұл Мәсіхтің өлімі мен…
Кедейлік
«Мәсіхші және кедейлер» – «Рақым мен Шындық» журналының авторы. «Мәсіхші және кедейлер» журналы Судандағы…
Киелі адамдар
Екеуінің арасында ерекше айырмашылық бар ма? Ескі және Жаңа Өсиет әулиелерінің ортақ және ерекше аспектілерін…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…
Ізгі хабар тарату
Евангелисттер – көктегі біздің көтерілген Басшымыз, Иеміз Исадан келген сый. Евангелист болуға деген ұмтылыс…
Шешім қабылдау
Қатты артритпен мүгедек болып, ол күн сайын алдыңғы терезесінің жанындағы орындықта отыратын. Ол әртүрлі…