2010 ж. 16 мам.
Күнделікті нұр
Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Ережелерімді ұстанып, заңдарымды орындаңдар!
Езекиел 20:19
Өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:15
Онымен қатынаста тұрмын дейтін кісі Иса Мәсіх қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруге тиіс. Құдайдың әділ екенін білесіңдер, сондықтан әділдік істейтін әркімнің рухани мағынада Құдайдан туғанын ұғасыңдар.
Жоханның 1-хаты 2:6, 29
Сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес, бастысы — Құдайдың өсиеттерін орындау.
Қорынттықт. 1-хат 7:19
Тіпті бүкіл Таурат заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты.
Жақыптың хаты 2:10
Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
О, Ием, үйретсеңші жарлықтарыңның жолын.
Забур жырлары 118:33
Соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:12–13
Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. ... Лайым Құдай Өзінің айтқандарын орындауларың үшін сендерге қажетті барлық жақсылықты дарыта көрсін, әрі Өзіне ұнайтын игі істерді Иса Мәсіхтің қолдауымен сендерге жасата берсін.
Еврейлерге хат 13:20–21
Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым.
Забур жырлары 88:20
Себебі Мәсіх періштелердің емес, Ыбырайымның ұрпақтарының қамын ойлайды. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді.
Еврейлерге хат 2:16–17
Ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды.
Езекиел 1:26
(Ол — көкте тұрушы).
Жохан 3:13
Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де.
Лұқа 24:39
Қайта, Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның Атағын Көктегі.
Філіпілікт. хат 2:7–10
Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
Аян 3:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 16 мам.
2010 ж. 15 мам.
2010 ж. 14 мам.
2010 ж. 13 мам.
2010 ж. 12 мам.
2010 ж. 11 мам.
2010 ж. 10 мам.

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Ажырату
Қазіргі кедергілер Құдайдың Өз шіркеуін тәубеге шақыратын дауысы болуы мүмкін бе? Біздің рухани жағдайымызды…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…