2010 ж. 17 мам.
Күнделікті нұр
Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.
Жохан 5:26
Қазір Ол соны Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің келуімен ашық көрсетті: Мәсіх өлімнің күшін жойып, Ізгі хабары арқылы шынайы, ешқашан өшпейтін өмірді жарыққа әкелді.
Тімотеге 2-хат 1:10
Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін.
Жохан 11:25
Сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.
Жохан 14:19
Алғашқы сенімімізді аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз.
Еврейлерге хат 3:14
Олар Оның көктен жіберген сыйының дәмін татып, Киелі Рухтан үлестерін алды.
Еврейлерге хат 6:4
Бұл уәделерінің арқасында сендер Құдайдың әділ болмысын бөлісіп.
Петірдің 2-хаты 1:4
Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух. Сендерге мына құпияны айтайын: бәріміз бірдей өлмейміз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз.
Қорынттықт. 1-хат 15:45, 51–52
Мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі! — деп сиынумен болды.
Аян 4:8
Шүкірлік еткен сайын.
Аян 4:9
Ол — мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі, мәңгіліктің жалғыз Иесі!
Тімотеге 1-хат 6:15–16
Мәңгілік Патша — өлмес, көзге көрінбес бірден-бір Құдай мәңгі құрметтеліп, ұлылығы мадақтала берсін! Аумин.
Тімотеге 1-хат 1:17
Жеке басымызды қастерлеп.
Ғалаттықт. хат 5:26
Алайда ол: — Менің сіздерден бір өтінішім бар: әрбіреуіңіз жаудан олжалағандарыңыздан бір-бір алтын сырғадан берсеңіздер екен, — деп қосты. Себебі жау сарбаздары ысмағұлдықтар болғандықтан, құлақтарына алтын сырға тағып жүретін еді. Исраилдіктер: — Әрине, сөзсіз береміз! — деп, бір шапанды жерге жайып жіберді де, әркім соған жаудан олжалаған сырғаларының біреуін тастады. Сол алтынды Гедеон діни қызметкер киіп жүретін жеңсіз сырт киім жасауға жұмсап, соны өз қаласы Офраға апарып қойды. Кейін бүкіл Исраил халқы сонда барып, сол «қасиетті» киімге табына бастады. Осылай олар азғындыққа батты. Тіпті Гедеон мен оның әулеті де бұл тұзаққа ілініп қалды.
Билер 8:24–25, 27
Осылай бола тұра, сен өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыласың ба?
Еремия 45:5
Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды.
Қорынттықт. 2-хат 12:7
Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!
Філіпілікт. хат 2:3
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды, Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды.
Қорынттықт. 1-хат 13:4–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 17 мам.
2010 ж. 16 мам.
2010 ж. 15 мам.
2010 ж. 14 мам.
2010 ж. 13 мам.
2010 ж. 12 мам.
2010 ж. 11 мам.

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Шәкірттік
Көптеген адамдардың мақсаты – өздеріне сенімді болуға, ұлы істерді атқаруға, кедергілерді жеңуге және өте…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…