Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!
Руларды санау 6:25–26
Күнделікті нұр
Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!
Руларды санау 6:25–26
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Еврейлерге хат 1:3
Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.
Қорынттықт. 2-хат 4:4
Жек көрем түк пайдасыз тәңірсымақтарды Әрі оларға табынған адамдарды, Ал Жаратқан Иеге нық сенемін,
Забур жырлары 30:7
Өткерген ауыр күндерімізге сәйкес, О, Тәңір, бізді шаттыққа кенелте гөр. Азап шеккен көп жылдарымызға сәйкес, Бұдан былай қуанышқа бөлей гөр.
Забур жырлары 89:15
Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр, О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр».
Забур жырлары 29:11
Иса оларға дереу тіл қатып: — Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.
Жоханның 1-хаты 3:22
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге хат 11:6
Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:8
Жаратқан өз халқынан рақат табады, Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.
Забур жырлары 149:4
Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза. Бірақ егер жасаған жамандықтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мақтарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды.
Петірдің 1-хаты 2:19–20
Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Петірдің 1-хаты 3:4
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Римдіктерге хат 12:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 11 нау.
2012 ж. 10 нау.
2012 ж. 9 нау.
2012 ж. 8 нау.
2012 ж. 7 нау.
2012 ж. 6 нау.
2012 ж. 5 нау.

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Христология
Еврейлерге жазылған хаттағы Мәсіхтің үш көрінісін зерттеңіз: Оның қазіргі шапағаты, күнә үшін өткен…

Иса Мәсіх
Исаның айтқан төрт арамей тіліндегі сөз тіркестерін — Талита куми, Еффата, Әбба және Элои — зерттеңіз, олар…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Алғыс айту
Забур 136 Құдайдың мәңгілік мейірімін қайта-қайта жариялайды. Неліктен біз жиі алғыс айтуды ұмытатынымызды…