Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2012 ж. 1 қазан, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Ғалаттықт. хат 5:22–23

Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп жүрген жоқпын, жұдырығымен ауаны босқа ұрған боксшы сияқты да емеспін. Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.

Қорынттықт. 1-хат 9:25–27

Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер!

Ефестікт. хат 5:18

Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты: — Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!

Матай 16:24

басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік! Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, ішетіндер түнде ішеді. Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»

Салониқал. 1-хат 5:6–8

Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды. Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.

Титке хат 2:12–13

Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.

Ефестікт. хат 4:15

Жер өздігінен алдымен көк өскінді, содан кейін масағын шығарып, соңынан масақтағы дәндерді өсіріп толыстырады.

Марқа 4:28

Осылайша бәріміз бірге Құдайдың рухани Ұлына сеніп, Оны жақын білу арқылы Мәсіхтің кемелдігіне сай келетін біртұтас, жетілген қауым болмақпыз.

Ефестікт. хат 4:13

Сондай мақтаншақтармен өзімізді теңестіруге не салыстыруға біздің дәтіміз, әрине, бармайды: олар өздерін өзіндік үлгілерімен бағалап, өздерін өздерімен ғана салыстырады. Қандай ақымақтық!

Қорынттықт. 2-хат 10:12

«Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» деп Пайғамбарлар жазбаларында айтылған ғой. Ендеше өзін-өзі мақтаған емес, тек Иеміз мақтаған ғана шынымен қадірленуге лайық.

Қорынттықт. 2-хат 10:17–18

Өйткені осындай ережелер — келуге тиісті нәрсенің әлсіз нұсқасы ғана: шынайы жарылқауды Мәсіхтің Өзі алып келді. Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер сендерді кінәламасын! Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп, қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады.

Қолостықт. хат 2:17–19

Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер! Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін! Аумин.

Петірдің 2-хаты 3:18

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2012 ж. 30 қыр.

    Әйүп 23:10 · Забур жырлары 103:14

  • 2012 ж. 29 қыр.

    Жоханның 1-хаты 3:16 · Ефестікт. хат 3:19

  • 2012 ж. 28 қыр.

    Руларды санау 6:27 · Ишая 26:13

  • 2012 ж. 27 қыр.

    Петірдің 1-хаты 5:6 · Нақыл сөздер 16:5

  • 2012 ж. 26 қыр.

    Заңды қайталау 32:4 · Петірдің 1-хаты 2:23

  • 2012 ж. 25 қыр.

    Жақыптың хаты 1:4 · Петірдің 1-хаты 1:6–7

  • 2012 ж. 24 қыр.

    Забур жырлары 73:28 · Забур жырлары 26:8

Ұқсас мақалалар

  • Шәкірттіктің талаптары: Біз неден бас тартуымыз керек?

    Шәкірттік

    Шәкірттіктің талаптары: Біз неден бас тартуымыз керек?

    Шәкірттік Исаға еру үшін мүліктерден, кәсіптерден, тіпті өзімшілдіктен бас тартуды талап етеді.

    2025 ж. 7 шіл.·Ларри Ондрежек
  • Мәсіхтің жоқтығы, Патшалық туралы астарлы әңгімелер және ұлы тыныштық

    Иса Мәсіх

    Мәсіхтің жоқтығы, Патшалық туралы астарлар және үлкен тыныштық

    Мәсіхтің сенімді қатысуы өмірдің хаосының ортасында, тіпті Ол жоқ сияқты көрінсе де, қалай тыныштық…

    2025 ж. 16 қыр.·Белгісіз
  • Құдайлықтың толықтығы Мәсіхте денелік түрде мекендейді

    Иса Мәсіх

    Құдайлықтың толықтығы Мәсіхте тәнмен тұрады

    Елшілер кітабы алдымен Петірдің қызметіне, содан кейін Пауыл мен оның миссионерлік сапарларына назар…

    2025 ж. 7 мам.·Альфред Баутер
  • Құдай Патшалығында өмір сүру: Құпиялар мен шындықтар

    Құдай Патшалығы

    Құдай Патшалығында өмір сүру: Құпиялар мен шындықтар

    Бұл оқиға Құдай Патшалығына қатысты біздің тақырыбымыздың кішкентай мысалы болып табылады. Бұл Ескі Өсиет…

    2025 ж. 11 мау.·Аренд Реммерс
  • Құдайдың қасиеттілігін және біздің қасиетті болуға шақыруымызды түсіну

    Құдайдың қасиеттері

    Құдайдың қасиеттілігін және біздің қасиетті болуға шақыруымызды түсіну

    Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

    2026 ж. 22 қыр.·Грейс және Ақиқат Қауымдастығы - Броули, Калифорния
  • Еремия: қарсылыққа қарамастан адалдық қаһарманы

    Құдайдың соты

    Еремия: Қарсылыққа қарамастан адалдық қаһарманы

    Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

    2025 ж. 8 жел.