Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Күнделікті нұр
Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
Нақыл сөздер 14:26
Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені, ұмытып келесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жайып жіберіп, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім. Неліктен сен өзіңе зорлық-зомбылық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып-жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?!
Ишая 51:12–13
Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. —
Еремия 1:8
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.
Заңды қайталау 31:6
Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды, Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.
Забур жырлары 32:7
— Сен жаяулармен жарысып, олар сені шаршатқан болса, аттармен қалай жарыспақсың?! Жазық жердің өзінде сүрінсең, Иордан бойындағы сыңсыған ну тоғайда сенімен не болмақ?!
Еремия 12:5
Бүкіл Исраил халқы өзеннің құрғап қалған арнасымен арғы жаққа өтіп болғанша, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иордан өзенінің ортасындағы құрғақ жерде қозғалмастан тұра берді.
Ешуа 3:17
Бірақ Исаның азапты өлім шеккені үшін Патша ретінде ғаламат салтанат пен құрметке бөленгенін көреміз. Ол біраз уақыт періштелерден төмен болып, Құдайдың рақымының арқасында күллі адамзат үшін жанын қиды.
Еврейлерге хат 2:9
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:4
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды.
Ишая 43:2
Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.
Аян 1:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 13 қар.
2012 ж. 12 қар.
2012 ж. 11 қар.
2012 ж. 10 қар.
2012 ж. 9 қар.
2012 ж. 8 қар.
2012 ж. 7 қар.

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Сенім
Дәуіттің қиын балалық шағы оның мінезін қалыптастырып, Құдайдың көмегімен Ғолиатты жеңуіне әкелді.

Сенім
Дәуіт пен Голиат туралы мәңгілік оқиғаны зерттеңіз, Дәуіттің мызғымас сенімі мен Құдайға сүйенуіне назар…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Жалғыздық
Құдай сізді ешқашан тастамайтынын немесе қалдырмайтынын уәде етеді. Бұл шындықтың өміріңіздегі депрессияны…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…